Ең бірінші не пайда болды? Жұмыртқа әлде тауық?

Ең бірінші не пайда болды? Жұмыртқа әлде тауық?
Фото: subscribe.ru

Ең бірінші не пайда болды? Жұмыртқа әлде тауық?
Бұл сұрақ барлық адамды қызықтырары сөзсіз. Ендеше, бұл сауалдың жауабы – жұмыртқа. Тек, бұл тауықтың жұмыртқасы болмауы әбден мүмкін.
Барлық жұмыртқаның құрылымы бір-біріне ұқсайды. Тек өлшемдерімен ерекшеленеді. Әрине, ешкім балықтың уылдырығы мен тауықтың жұмыртқасын шатастырмас. Дегенмен, олардың барлығы – ұрықтанған жұмыртқа жасушалар.
Жұмыртқа жасушалар барлық жасуша секілді: цитоплазма, ядро, сыртқы мембранасы бар. Олардың сыртын ақуызды жұқа қабық қаптайды. Бірақ, тауықтың жұмыртқасы кәдімгі жұмыртқа жасушаларынан әлдеқайда үлкен әрі құрылымы өзгеше.

Сіз білесіз бе?
Тауықтың жұмыртқа жасушасы – жұмыртқаның сарыуызы. Оның ядросы байқалмайды. Өйткені, ол өте кішкентай әрі түссіз. Қалған нәруызы мен қабығы сыртын қоршайды. Олар балапанды ауру тудыратын бактериялардан, кеуіп кетуден сақтайды.
Ғылыми деректерге сүйенсек, бірнеше ғасыр бұрын жер бетін тек бір жасушалы ағзалар мекендеген. Олардан көпжасушалы ағзалар түзілген.
Таңқаларлығы, зерттеу барысында табылған кейбір ағзалар жұмыртақасының гендері тауықтың кей генімен сәйкес келген.

Жұмыртқада жасушалардың эволюциясы жүзеге асады. Динозаврлардың жұмыртқасында өзгеріс пайда болды дейді ғалымдар. Бейімделушілік үрдісі жүзеге аса бастады. Зерттеушілер  алғашқы тауық тектес құстың жұмыртқалары 225 миллион жыл бұрын пайда болды десе, алғашқы тауықтың заманауи тұқымы 90 миллион жыл бұрын пайда болды деген дерек бар. Яғни, алғашқы жұмыртқалар тауыққа тиесілі емес.

Т. Есқали