Жарнама туралы қызықты фактілер

Ардақты оқырмандардың назарына жарнама туралы қызық фактілерді ұсынамыз:
Жарнамада қолданылатын мұз кубиктері әдетте акрилден жасалады. Содан соң жарықтың жақсы өтуі үшін оған су қосылады. Ал көпіршіктер кір жуу ұнтағынан жасалады. Америкалық фармацевтика компаниялары жарнамаға зерттеу жұмыстарынан гөрі екі есе көп ақша жұмсайды. Мальборо темекісі жарнамасының идеясы 1955 жылы пайда болған. Жарнама ковбой образындағы денелі 3 жігіт арқылы жүргізілді. Кейінірек бұл үш актер да өкпе рагінен қайтыс болды.
Жарнамаға әлем бойынша жылына 500 миллиард доллар жұмсалады. АҚШ-өмір сүретін азамат 65 жасқа толғанша шамамен 2 миллион жарнамалық клип қарап шығады. Америкадағы алғашқы билборд 1900 жылы орнатылды. Бұдан кейін әлем бойынша билборд дүмпуі орын алды. АҚШ-та балалар тауарларының жарнамасына жылына 15 миллион доллар жұмсалады. Жарнамадағы көпшілік сағаттар 10:10 уақытын көрсетіп тұрады. Бұл сағат тілдері бренд атауымен бірігіп смайлик (күлкі) жасап тұруы үшін жасалады. Америкалық психологтардың айтуынша, жас балалар жарнамаға сын көзбен қарауға қабілетсіз. Себебі бұл сәбилер айналасынан күдіктенбейтін, сенгіш болып келеді. АҚШ-та фаст-фуд өндіретін компаниялар жарнамаға жылына 1,6 миллиард доллар жұмсайды. 2008 жылы саяси жарнамаға 2,6 миллиард доллар көлемінде қаржы жұмсалды. Сайлау кезінде Обама 310 миллион доллар, Мак Кейн өз кезегінде 136 миллион доллар жұмсаған. Жарнамадан жылына 100 миллион доллар пайда тапқан алғашқы басылым «Life» журналы болып табылады. Басылымның пайда болғанға дейін тауарларды халыққа ұсынуы дыбыстық жарнамалар арқылы жүргізілген.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: 1001facts.info