Семіздік мидың жұмысын баяулатады

Британдық ғалымдар семіз балалардың миының жұмыс істеу қабілеті төмендейтінін анықтады. Артық салмақ азабынан арылмаған балалар жоспарын орындап, назарын бір жерге жинай алмайды. Зерттеу жұмыстарының нәтижесі Pediatric Exercise Science журналында жарияланды.

Англияның оңтүстік-батысында орналасқан Эксетер университетінің ғалымдары жасаған ғылыми тәжірибеге жасы 7 мен 11 аралығындағы 45 бала қатысқан. Олардың 24-і уақтылы спортпен айналысып келген болса, қалғаны артық салмағы бар балалар еді. Барлығы сана қабілетінің мүмкіндіктерін анықтайтын тестілерден өткен.

Нәтижесінде артық салмаққа ие балалар миында ақпаратты жылдам өңдеп, жоспар құра алмайды. Сонымен қатар, белгілі бір тапсырманы орындауға назарын толық аудармайды. Белсенді балалардың миы да белсенді жұмыс істейтіні белгілі болды. Сондықтан ғалымдар баланы үдемелі спортпен айналысуға үндеу керек екенін ескертеді.