Дизайнер Kyle Bean кітаптан ноутбук жасап шығарды

Дизайнер Kyle Bean кітаптан ноутбук жасап шығарды

ХХІ ғасырда жастардың қолынан кітап көру қиынға соғады. Олар кітапты интернеттен жүктеп алып планшет арқылы оқиды. Бұл мәселе ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін ұстаздарымызды алаңдатуда. Дизайнер Kyle Bean бұл мәселенің шешімін тапқан сияқты. Ол кітап пен интернеттің арасын түйістіретін жаңа жоба ойлап тапты.


Қоғамымыз күннен күнге виртуалды әлемге еніп, диск сатып алудың орнына әуенді интернеттен жүктеп алып тыңдап, кітапханаға баруды интернет желісінде отырумен алмастыруда. Осы мәселеге қатысты Kyle Bean «Интернет те кітаптан еш кем емес, тек иісінің жоқтығы болмаса» дейді. Оның бұл сөздерімен келісуге де болады.


Kyle 1,5 фунтке сатып алған кітаптан ноутбук жасап шығарған.


"Ноутбук кітапшаның" компьютердегідей пернетақтасы, диск салатын орны, қуаттау құрылғысы бар.

Ноутбукты жауып қойсаңыз, кітаптан аумай қалады. 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: planet.ru

Қ. Бүйенбай