Әлем назарында...

Төмендегі қызықтарға назар аударыңыз: шын мәнінде біздер барлығымыз өткен күнмен өмір сүреміз. Былайша алғанда, ақпараттарды реттестіріп, қабылдауға 80 миллисекунд уақытымыз кетеді екен; адам электр тогының әсерінен емес, бұлшық еттің тартылуынан өліп кетеді; бір кісі рекордтың Гиннестер  кітабын сотқа беруге тырысқан, өйткені, аталған жандар аталған азаматтың сотқа тастаған арыз-тілегінің шектен тыс көп болғанын тіркеген; балықтың жасын ағаштың жасын анықтағандай анықтауға болады; қытайлық бір қаланың қызметкерлері 21 сағат жұмыс, еш уақытта шаршамайтын көрінеді... себебі неде; 19 ғасырда тұтқындарды қалай азаптаған.   

Кісі баласын электрлік токтың әсері біршама қашықтыққа лақтырып жібереді - бұл көпшілік ойлағандай есеңгіреудің (шок) емес, бұлшық еттің шұғыл әрі қуатты қысқаруы салдарынан. Осы тұста адам денесінің бұлшық еттерінің шынайы күш-қуаты қаншалықты деген сұрақ туындайды. 

Әртүрлі себептерге байланысты сотқа талас-тартыс (иск) тастаған бір азамат Гиннестер кітабымен де соттасып көрмекші болған. Өйткені, аталған кітаптың ішінде өзіндік бір рекорд иесін жаза кетіпті.

Балықтың жасын ағаштың жасын анықтағандай анықтауға болады. Оның қабыршағында "жылдық сақиналар" түзіледі. 

Шын мәнінде біздер барлығымыз өткен күнмен өмір сүреміз - шамамен 80 миллисекундқа. Ақпаратты айналымға түсіру үшін біздің миға сонша уақыт кетеді. 

Бір жолы Флориданың бір тұрғыны қатты бас ауруымен ұйқыдан тұрады. Дәрмектен көмектеспеген соң, ол ауруханаға барады, ол жақта дәрігерлер оның басынан... оқ алып шыққан. Анықталғандай, әйелі түнде оны өлтіруге тырысқан. 

Қытайдың бір қаласының тұрғындары көп уақыт бойы отбасылы жандардың шағын мейрамханада тәулігіне 21 сағат жұмыс істеп, ешбір шаршауға шалдықпай, ояу жүретіндеріне таңғалумен келеді. Сөйтсе, мейрамханада екі отбасылы жандар жұмыс істепті. Екі әйел мен екі ер де егіздер болып шыққан. 

Тіпті, шыбындарда да альбинос (пигмент жүйесінің ауруы) болады. 

Англия жерінің 70 пайызы әлі күнге 1 пайыз азаматтарының меншігінде келеді. Олардың көпшілігі - Вильгельм әскерінің ұрпақтары. 

19 ғасырдың басында абақтыларда тұтқындарды омарлармен (ірі теңіз шаяндарымен) тамақтандырған - және бұл қатал әрі шектен шыққан жазалау болыпты. 

Жапондық макакалар сөмке мен әмиян ұрлаудың нағыз мамандары саналады. Ол аздай, іштерінен мәнет іздеп, азық-түлік автоматтарына салып тұратын көрінеді.

Қызанақ шырыны (томатный кетчуп) қанша шайқай түссеңіз, сонша сұйық бола түседі. 

Оқ өткізбейтін терезе бір жақты (односторонний) болуы мүмкін. Бұл дегеніміз, жауап орнына атып, көздеген мақсатқа қауіпсіз түрде жетесіз деген сөз (сіздің оғыңыз терезенің басқа бөлігіне зақым келтірместен, кішкене тесік қалдырады). 

Жапондық  аквариумдық кои ныспылы Ханако балығы өз өмірінде бірнеше рет қожайын ауыстырып, 1977 жылы 226 жасында өлген.

Белоруссия – "Opera" ең танымал веб-браузер болып табылатын жалғыз ғана ел. 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: entertainment.howstuffworks.com; tebyan.net