Бұл дерек...

Назарларыңызда әлем қызықтары. Бір қарап шығуға кеңес етеміз.

Балық-попугаи кораллаларды қорек етіп, құммен іш босатады. Және Кәріб теңізінің жағалаулары мен кейбір аралдары өздерінің түзілісі үшін оларға қарыздар. 

Аустралия тұрғынына АҚШ-қа ұшақпен ұшып барып, Adobe’s Creative Suite бағдарлама пакетін сатып алу өз елінде сатып алудан әлдеқайда арзанға түсетін болып шыққан.  

Стив Джобс пен Стив Возняктан өзге Apple компаниясының үшінші құрастырушы болған. Ол - Рональд Уэйн. 1976 жылы ол компаниядағы 10 пайыз үлесін 800 долларға сатып жіберген. Ал қазір оның құны 35 миллиард болар еді. 

Әйгілі вискиді жасап шығарушы Джек Дэниэлдің түбіне өзінің жеке сейфі жеткен. Бір жолы ол сандар комбинациясын еске түсіре алмай, ашу үстінде сейфті аяқпен қойып қалады. Саусағын сындырып, кейіндеу қанның бұзылуы салдарынан көз жұмады.

Куба заңы бойынша көлік жүргізушісі жолда қол көтеріп тұрған адамды (егер көлік ішінде орын бос тұрса) алып кетуге міндетті

Британия тауларының биігінде мырышпен қапталған темір-терсектерден тұратын ән салушы ағаш бар. Әлгі труба ішіне жел соққанда, елден ерекше, өзгеше үлгідегі "ән" шығатын көрінеді.

Бір американдық бірде өзінің қылтамақтың жеңіл түріне ұшырағанына толық сеніммен емханаға барады. Дәрігерлердің және өзінің де үлкен таңқалысына орай, биопсия қорытындысы оның бұршақ дәнін кездейсоқ жұтып қойғандығын анықтаған. 

Ежелгі Персияда маңызды идеялар екі мәрте қарастырылатын болыпты: бір жолы сау қалпында (мас емес), бір жолы ішіп отырғанда. Және екі жағдайда да жақсы деп танылған идея жүзеге асырылғанға ұқсайды.

Вагнердің «Тристан және Изольда" операсының екінші актісін орындап жатып екі бірдей дирижер көз жұмып кеткен. Екеуінің де өлімі, яғни жүрек талмасы музыкалық фрагменттің (үзінді) дәл сол бір тұсында орын алған екен.

Нерв импульстерінің түзілуі иондардың градиентіне байланысты. Ащы соялық тұздық қосылған жағдайда ас түрі мынадай сиқыр жасауы мүмкін. 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Cурет: abcnews.go.com; novayaopera.ru