• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Қазақстан қыздары Иранды жеңді

Қазақстан қыздары Иранды жеңді

Волейболдан Тайландта өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы Иран құрамасын жеңді.

Құрлық додасына сегізінші рет қатысып отырған волейболшы қыздарымыз Иран құрамасын 3:1 (25:16, 25:22, 21:25, 25:20) есебімен тізе бүктірді. Осыған дейін Оңтүстік Корея әйелдер құрамасынан жеңілген Александр Гутор баптайтын команда 5-8 орындарға тартыс жүргізетінін хабарлаған болатынбыз. Енді жерлестеріміз Вьетнам әйелдер құрамасымен v орын үшін талас жүргізеді.

Естеріңізге сала кететін болсақ, қазақстандық волейболшы қыздар осы жарыс аясында Вьетнам әйелдер құрамасын екінші айналымда 3:0 (25:21, 25:23, 25:22) есебімен жеңген болатын.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sport.nur.kz

О. Сансызбай
Logotype Massaget