Волейболшы қыздарымыз жүлдеден қағылды

Волейболшы қыздарымыз жүлдеден қағылды

Волейболдан Тайландта өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы жүлде жолындағы тартыстан шығып қалды.

Александр Гутор жаттықтыратын волейболшы қыздарымыз Оңтүстік Корея қыздарынан басым түсе алмады. Кездесу 0:3 (12:25, 23:25, 20:25) есебімен қарсыластар пайдасына шешілді. Енді Қазақстан әйелдер құрамасы 5-8 орындарға талас жүргізеді.

Естеріңізге сала кететін болсақ, Қазақстан құрамасы осыған дейін Тайланд (3:1), Моңғолия (3:0), Австралия (3:1), екінші айналымда Вьетнамды (3:0) жеңген болатын. Бірақ жапон қыздарынан айлаларын асыра алмаған еді.

 Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz

Ө. Сансызбай