Тіл туралы мақал-мәтелдер

Піл күшті ме, тіл күшті ме?
Тіл ауыр ма, зіл ауыр ма?
* * *
Басы – көсем, тілі –шешен, қолы – шебер.
* * * 
Қазақтың тілі – қылыш, сөзі – сойыл.
* * *
Әлін білмеген әкім болғысы келеді.
Тілін білмеген ақын болғысы келеді.
* * *
Қаламмен қағысқан қанжардың жүзі мұқалады.
* * * 
Сиырдың пышағы – мүйізінде,
Шайпаудың пышағы – тілінде.
* * * 
Ана тілін алмаған – арманда өтеді,
Ата тілін алмаған – алысқа бармайды.
* * *
Сөзі көріктінің өзі де көрікті.
* * * 
Сиыр сүтімен, адам сөзімен сыйлы.
* * * 
«Жоқ» деген жомарттың сөзі емес.
* * * 
Күле білу – өмір,
Күлдіре білу – өнер,
Күлкі болу – өлім.
* * *
Ағаш қисығы тезбен түзеледі,
Адам қисығы сөзбен түзеледі.
 * * *
Көп сөз ұтпайды,
Дөп сөз ұтады.
* * * 
Халқының әнін білмеген –
Тәттінің дәмін білмейді.
Елінің салтын білмеген –
Жақсының парқын білмейді.
* * *
Каналдың ізі бітеледі,
Қаламның ізі бітелмейді.
* * *
Қамалың құласа да,
Қаламың құламасың.
* * *
Ақын – ұлттың жүрегі,
Шешен – көптің тірегі,
Батыр – көптің білегі.
* * *
Адам отырмаған төрдің құны жоқ,
Кезінде айтылмаған сөздің құны жоқ.
* * * 
Ақын аңқау болмасын,
Жазушы жалқау болмасын.
* * * 
Көсем сөз, көрікті ой көркем көңілден шығады.
* * * 
Ішкі көркің – сөз,
Сыртқы көркің – бөз.
* * *
Сөз адамның айнасы.
* * *
Тіл –  шекер, бала – кетер, байлық – бекер.
Өткір сөз - өлмес ерлік, өшпес мұра.
* * *
Сұлудың шашы ұзын болсын,
Сөзі қысқа болсын.
* * *
Шешен емес, сөзуар,
Өнерпаз емес, өлермен.
* * *
Мал шөпке семіреді,
Адам сөзге семіреді.
* * * 
Табаныңнан сыз өтсе де,
Сүйегіңнен сөз өтпесін.
* * *
Тіл – жаның, діл – арың,
* * *
Терең судың түбі бар,
Терең сөздің түбі жоқ.
 * * *
Сөз байлығы – тіл байлығы,
Тіл байлығы – ақыл байлығы.

Оқи отырыңыз:

Тіл туралы мақал-мәтелдер

Жылқы туралы мақал-мәтелдер

Ағылшынша-қазақша мақал-мәтелде

Еврей халқының мақал-мәтелдерір

Сурет:kaz.tengrinews.kz