Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Жылқы туралы мақал-мәтелдер

Жылқы туралы мақал-мәтелдер

Жылқы туралы мақал-мәтелдер

Алда жылқы жылы келе жатыр. Қазақтың қанындағы жылқы малына деген махаббаты мен оған деген сүйіспеншілігін философиялық деңгейдегі танымға ұласқан мақал-мәтелдерінен-ақ аңғару қиын емес. 

Жақсы атты тай жағалайды.

Жақсы атқа бір қамшы,
Жаман атқа мың қамшы.

Жақсы атын мақтар,
Жаман қатынын мақтар.

Жақсы аттың тісін ашпа,
Жақсы адамның жасын сұрама.

Жақсы аттың жалын сатқанша,
Жақсы жігіттің арын сақта.

Жақсы аттың терісі,
Қайыс болар, көн болмас.
Жақсы адамның баласы,
Ғарып болар, құл болмас.

Жақсы аттың артынан құнан ереді,
Жақсы жігіттің артынан ұлан ереді.

Жақсы аттың жал-құйрығы,
Әрі жібек, әрі қыл.
Жақсы жігіттің белгісі,
Түзде мырза, үйде құл. 

Жақсы жігіт ат қарыз алады,
Жаман жігіт ет қарыз алады.

Жақсы аттан жал кетсе де,
Әл кетпейді. 

Жақсы аттан жығылса,
Жаман табашыға тұрады.

Жақсы атты күдірде сына.

Жақсы айғыр бастауық болады,
Текті айғыр жеңімпаз болады.

Жақсы айғыр үйірін бөріге алдырмас,
Батыр жігіт ауылын ұрыға алдырмас.

Жақсы айғыр кіндікті келеді,
Бөкселі айғыр бауырлы келеді.

Жақсы бала қонаққа үйір,
Жақсы тай атқа үйір.

Жақсы жігіт пен жақсы ат көптікі.

Жақсы би жақынына тартпайды,
Жақсы айғыр жатырына шаппайды.

Жақсыда мін жоқ,
Жүйрікте сын жоқ.

Жақсыдан жаман туады,
Жүйріктен шабан туады. 

Жалғыз бие ғаба болмас,
Жалғыз ағаш пана болмас. 

Жалғыз аттың пайдасы көп,
Жалғыз жігіттің айласы көп. 

Жаңбыр – көктің ырысы,
Қымыз – көптің ырысы.

Жаралы болатын жігіт байталын атқа сатады,
Жалғыз болатын жігіт ағайынды жатқа сатады.

Жорға жүрісінен пұл болады,
Жаман жүрісінен құл болады.

Жорға жазда өлер, мырза қыста өлер.

Жомарт жоқтығын білдірмейді,
Жүйрік ат тоқтығын білдірмейді.

Жаман ерден жайдағым жақсы,
Жаман қатыннан бойдағым жақсы.

Жақсы ат алдынан сүрінбейді, артынан сүрінеді.

Тай атқа жеткізер,
Ат мұратқа жеткізер.

Жылқы — малдың патшасы,
Түйе — малдың қасқасы.

Теңге тиыннан өсер, 
Жылқы құлыннан өсер.

Жолға салсаң — жорға,
Жонға салсаң – жүйрік.

Атының сыры иесіне мәлім.

Алдыңғы айылдың батқанын,
Иесі білмес ат білер.

Арық атқа қамшы ауыр.

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Фото: pixnet.net
Қосылған күні: 05 желтоқсан 2013, 11:40
Пікірлер
+0
05 желтоқсан 2013, 14:06

Жылқыны көбіне жігіттермен салыстырыпты

+0
05 желтоқсан 2013, 14:18

Жаман атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас.

Ай мінбей атыңды мақтама, Жыл тұрмай қатыныңды мақтама.

+0
06 желтоқсан 2013, 11:27


тағы мынандай мақалдар бар:
Ат - айналып қазығын табар!
Байтал шауып бәйге алмас!.
Аттан ат қалса құлағын кесер,
Қатыннан қатын қалса т..... кесер!

+0
07 желтоқсан 2013, 16:07

келе жатқан жылқы жылы құтты болсын

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.