Сізді сәттілікке сүйрейтін үш сұрақ

Сізді сәттілікке сүйрейтін үш сұрақ

Америкалық бизнесмен, инвестор, филантроп, мотивация спикері Фаррах Грейдің "Сізді байытпайтын 7 қателік" кітабы – әлемге кең таралған кітаптардың бірі. Сол кітаптың бір тарауында автор "сәттілікке жетем деген кез келген адам 3 сұраққа жауап беруі керек" деп есептейді. Ол қандай сұрақтар екен? Біз Фаррах Грейдің 3 сұрағын аударып ұсынамыз. 

Бірінші сұрақ: Басқалар қиналып жасайтын қандай жұмысты сіз оңай атқарасыз?

Не үшін мақтау еститініңізді еске алыңыз. Сіздің қолыңыздан жақсы келетін бір-екі жұмыстың бар екені анық. Және ол жұмысыңыз елеусіз қалмаса керек. Адамдардың сіздің жұмысыңызды елеп-ескеріп, мақтау айтатын себебі әдетте өздерінің сол жұмысқа бейімі жоқтығынан болып жатады. Олар сіздің қолыңыздан келген жұмысты істей алмайды. Кейде сізді қоршаған адамдар сізге бірегей тұлға деп баға беріп, бойыңыздағы ерекше дарынды жоғары бағалап жатады. Адамдар өздерінде жоқ дарынға тамсануға бейім. Бұның әлдебір шектен тыс дарын болуы міндетті емес. Әңгіме романтикалық хат жазу, дәмді тағам дайындау, гүл шоғын қолдан жасау сияқты ең қарапайым істер жайында болуы мүмкін. 

Отырыңыз да, асықпай осы сауал жайлы ойланыңыз. Ойыңызға келгеннің бәрін жазып алыңыз. Сіз жайында адамдар қандай мақтау сөз айтады? Ақша табуға жарайтын қандай қабілеттеріңіз бар? Есіңізде болсын, сіздің жұмысыңыз өзіңізге өте қарапайым болып көрінуі мүмкін. Сіздің мықты жағыңызды бағаламайтыныңыз соншалық, жай ғана оны елемейсіз. Өз дарынымызға біз өз-өзінен болатын нәрсе деп қарауға бейімбіз. Сондықтан дарыныңызды сыртқа шығарып, өз қызығушылығыңызға пайдалануға тырысыңыз. 

Екінші сұрақ: Ақша төлемесе де, қандай іспен шаршамастан айналысар едіңіз?

Сүйіп істейтініңіз сонша, ақша туралы ойламай істейтін жұмысыңызды еске алыңыз. Әр адамға жұмысын жек көрсе де, жалақы алғанды жақсы көретін жандар жақсы таныс. Бірақ ақша алатын уақыт өтеді де шығады. Ал енді өзіңізге ұнайтын іспен айналысып ақша тапқаныңызды елестетіңіз. Материалдық жағдай жұмыстың жағымды қосымшасы ғана болмақ. Ақша жұмыс орнын таңдаудың негізгі себепкері болмауы тиіс. Мен сөйлескен көптеген табысты адам қаржы туралы айтқанды ұнатпайды, есесіне өздеріне ұнағандықтан қалай жұмысбасты болып кететіндерін қуана-қуана айтып отырады. Егер сіз жұмысыңызға "ғашық бола алсаңыз", ақша өз қамын өзі жасайды. Сондықтан финанс мәселесін көлеңкеде қалдыра тұрып, сізден тағы да ойлануыңызды сұраймын: бірнеше жыл бойы сізге ақша төлемесе де, қандай іспен айналысар едіңіз? Ойыңызға келгеннің бәрін жазып алыңыз. Бұл жерде басты рөлді ақша емес, сіздің қызығушылығыңыз алуы керек. Бар жаныңызды салып қандай жұмысты жасайтыныңыз жайлы ойланыңыз. 

Жалғасы

Ұқсас жазба:

Миллиардер болғым келеді

Сурет: rabotasimply.ru

М. Оңғарова