Сізді сәттілікке сүйрейтін үш сұрақ (Жалғасы)

Сізді сәттілікке сүйрейтін үш сұрақ (Жалғасы)

Басы

Үшінші сұрақ: Қоғам алдындағы міндетіңізді қайтару үшін қандай қызмет атқарар едіңіз?

Қаншалықты көп берсек, соншалықты көп аламыз. Мен осыған өте қатты сенімдімін. Түптеп келгенде біреудің өмірін жақсартқаныңызды түсінген кездегі қанағаттану сезіміне ештеңе жете қоймас. Өзіңізге қою керек үшінші сұрақ – қоғам мен тұтас әлем алдындағы міндетіңізді қайтару жайында. Бұл – теңдіктің жеке және өте маңызды бөлігі. Бұған не кіргізем десеңіз де, өз еркіңізде, мәселен: қоғамдық жұмысқа өз еркіңізбен қатысу, қаржылай қамқорлық таныту, өзіңіздің қолыңыздан жақсы келетін істі біреуге үйрету, қайырымдылық шараларына қолдау білдіру, адамдарды өздеріне аса қажет затпен қамтамасыз ету. Кейде біреуге назар салудың өзін қайырымдылық деп есептеуге болады. 

Бұл қайраткерлікті қоғамдық жұмыс пен әлдебір қызмет деп өлшеуге болмайды. Сіз қоғамды тауармен қамтамасыз етіп, кеңес беру арқылы, еңбек шартын жеңілдету әрекетімен қоғамға пайда келтіре аласыз. Одан басқа, бизнесіңіз өрге басқанда, сізге қызметкер қажет болады, осы арқылы жаңа жұмыс орындарын ұсына аласыз. Кейде келесі табысқа ие болу үшін бірдеңе бере алу альтруистік мотивпен өрбиді. Билл Гейтс сіз бен біз сияқты адамдар компьютер қолдансын деп "Microsoft" компаниясын құрды, бірақ қазір қандай жетістікке жеткенін қараңызшы. Гейтс – миллиардтаған адамның өміріне ықпал ететін мыңдаған қайырымдылық ұйымы мен қорының негізін салушы, демеуші. Егер ол бұрын компьютерді үнемі қолданылатын үй затына қалай айналдырам деп бас қатырса, бүгінде "Microsoft" компаниясының қайраткерлік ісі қатарында денсаулық сақтау мен ағартушылық саласына қатысты ірі бағдарламалар бар. 

Әрі қарай не істеу керек?

Осы жаттығуды орындап болып, ештеңеге жетпеген бірде-бір адамды көрген жоқпын. Жоғарыдан айтылған сұрақтарды өзіңізге қоя бастасаңыз, санаңызда автоматты түрде түрлі ой пайда болады. Ол ой басқаларға қарағанда жақсы жасайтын жұмысыңызға қатысты болуы да мүмкін. Опра Уинфри өз шоуын жүргізгенді ұнатады, себебі ол бұл жұмысты оңай атқарады. Тайгер Вудс еш қиналмай гольф добын қажетті бағытқа жібере алады. Бұл оның қолынан жақсы келеді. Егер сіз Глэдис сияқты ән айтуға тырыссаңыз, мүлде басқа дыбыс шығар еді. Егер сіз Тайгер сияқты голфь добын соққыңыз келсе, сіз бұны жақсылап жасай алмас едіңіз. Қалай болғанда да, осындай сұрақтар сізді нақты сәттерге назар аударуға итермелейді. Шын мәнінде дәрігер, адвокат, бухгалтер, жазушы, ғалым, әнші, суретші, мұғалім, менеджер, программист, т.б. болғыңыз келді ме? Осы жайында ойланыңыз. 

Триша М. өзіне осы сұрақтарды қойғанда, өзінің интерьер дизайнына бейімі бар екенін түсінді. Оған бұл іс үнемі ұнайтын, жиһазды орналастыру, үй ішін безендіру жайлы кеңес беруден ешқашан қашқан емес. Достары мен туған-туыстары оның талғамы мен стилін мақтап, оған үй мен кеңсенің безендірілуі жайында көмек сұрап келетін. Триша түс пен фактураны өте мықты сезе алатын, кең көлемде ойлау қолынан келетін. Үшінші сұрақ оның көңілін бұзбады. Ол адамдарға интерьерді безендіру бойынша бағасы қымбат қызмет ұсынып, қайырымдылықпен айналыса бастады. Өз қаласындағы жағдайы төмен отбасыларға көмек қолын созды. Жыл сайын ол бірнеше отбасын таңдап алып, оларға үйді жақсы тұрғызу туралы кеңес бере бастады. Бұл қаланы әдемілендіре түседі. Бүгінде мен осы кітапты жазып жатқанда, Триша банкте кассир боп жұмыс істеп жүріп, алдына жоспар құрып, дизайнер ретіндегі репутациясын қалыптастыру үстінде. Банкте сегіз жыл жұмыс істеген ол өз карьерасын дереу өзгертуге дайын. Мен Тришаны қолдап, оның алғашқы сәттілігін асыға күтудемін. 

Сурет: hand-gold.com

Ұқсас жазба:

Оқымай миллионер болуға қалай қарайсыз?

М. Оңғарова