- Негізгі бет
- Жаднама
- Пәтеріңіз шағын болса...
Пәтеріңіз шағын болса
Пәтер неғұрлым шағын болған сайын ұядай жайлы көрінеді. Оның көлемінің үлкен-кішілігі емес, іші махаббат пен сыйластыққа, берекеге толы болуы маңызды. Шағын пәтерді үлкенірек етіп көрсететін бірнеше амалдарды да біле жүрсеңіз артық етпес.
Ең алдымен жиһаз таңдауда мынаны ескеріңіз. Өте кіші не тым үлкен жиһаздар бөлмені одан сайын тарылтып жібереді. Мысалы жататын кереуетіңіз бөлменің төрттен үш бөлігін алып тұрса, пәтер тым кіші болып көрінеді. Үстелдер болсын, төсек орын болсын – жиналмалы, көпқызметті (әрі диван, әрі кереует, әрі сөре) түрін таңдағаныңыз дұрыс. Үй ішінде, жиһаздарда сөрелер көп болса, заттарыңыз сыйымды болады.
Киім салатын жиһаздарда үлкен айнасы болғаны ыңғайлы. Оны кірер есікке қарама қарсы бағытқа қойсаңыз, айнадан арғы жағында тағы үй бар сияқты болып әдемі көрінеді.
Ал қабырғалар пастельді түсті болсын. Қазіргі кезде қабырғаға толықтай картиналар іліп безендіру сәнге айналды. Бұл үлкен үйлерге арналған. Шағын бөлмені одан әрі кішірейтіп көрсетуі мүмкін. Түсқағаз жапсырғыңыз келсе, өрнегіне мән беріңіз, ол неғұрлым майда болса, соғұрлым бөлмені ұлғайтып көрсетеді.
Үйге жарық беретін терезе үлкен болғаны жақсы. Сонда күн сәулесі көбірек түсіп, пәтер ішін кеңірек етіп көрсетеді. Ал перделер ашық, нәзік түсті болғаны абзал.
@. @assel_assanova