Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Шаңырақ / Үйді жайлы мекенге айналдыратын 10 кеңес

Үйді жайлы мекенге айналдыратын 10 кеңес

Үйді жайлы мекенге айналдыратын 10 кеңес

Қаражат мәселесі тапшы болғандықтан, көп тұрғын жалдамалы пәтерде тұруға мәжбүр. Оның үстіне елімізде үй тым қымбат. Ал ол пәтердің иесі тек таза болуын ғана қадағалауға тырысады. Әдетте қабырғасы тек аппақ болады. Егер осындай көңіл-күйді түсіретін интерьерден арылып, сәл бояу қосқыңыз келсе, төмендегі кеңеске назар аударыңыз.

1. Аппақ керегеге түрлі-түсті суреті бар жапсырманы орналастыруға болады. Мұндай стикер керегені былғамайды. Оны керегемен қатар, шкафқа, киім қоятын сөреге, кафель мен тоңазытқышқа жапсыруға болады.

2. Пәтер берушінің заттарын толығымен өзгертуге болмайды. Сондықтан жиһаз бен жастықтың сыртын жарқын түсті матамен қаптаңыз.

3. Ал әдеттегі шамның орнына кітап оқуға арналғанын пайдаланыңыз. Олардың бағасы да қолжетімді.

4. Бұдан өзге үйдің ішін өткен өміріңіздің естелігімен толықтыруға болады. Жақсы көретін суретіңізді керегеге іліп қойыңыз.

5. Үй гүлдері жанға жайлылық сыйлайды. Олар раушан немесе кактус болуы да мүмкін. Әрі денсаулыққа да пайдасы бар.

6. Ал шкафтың сырты мен дәліздің керегесіне магнит тақтайша іліп, отбасы мүшелеріне арналған хабарлама жазыңыздар.

7. Басқа бөлмелерді өзіңізге ұнаған стильде өңдеуге болады. Түрлі формадағы айна, кілем, киім ілгішті қолдануды ұмытпаңыз.

8. Перде де үйге ерекше сән беріп тұрады. Сондықтан перде мен төсек жапқышын жаңартыңыз. Дастарқан мен орындық көрпешесін ауыстырыңыз.

9. Ал жуынатын бөлмеде сабын салғыш пен щетканың ыдысын жаңартыңыз. Ұйқы жылдам ашылу үшін ашық түсті пайдаланған жөн.

10. Жиһазды жаңасымен толықтырыңыз.

Осылайша үйіңізді жайлы мекенге айналдыруға болады.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Фото: stroitelstvo21.ru
Қосылған күні: 10 ақпан, 12:00

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.