- Негізгі бет
- Жаднама
- Өнімді үйге жеткізу...
Өнімді үйге жеткізу қызметін қауіпсіз ету үшін...
ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия 2020 жылдың 19 наурызынан бастап, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимін енгізді. Азық-түліктік емес сауда базарларының жұмысын, азық-түлік өнімдері мен дәрілік заттарды сататын нысандарды қоспағанда, ірі сауда-ойын сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмысын уақытша тоқтата тұру жайлы айтылды. Сондықтан көпшілік тамақты, киімді не дәрілерді алуда үйге жеткізу қызметін пайдаланатыны анық. Бұл қызметті қауіпсіз ету үшін кей ережелерді сақтаған жөн.
- Өнімді әкелген адам оны үйге не пәтерге кіргізбей, есіктің алдына тастап кетуі керек. Бұл тәжірибе «contact-free delivery» деп аталады;
- Өнімді сатып алуға қолма-қол ақшасыз төлеу түрін пайдаланыңыз;
- Жеткізу қызметімен айналысатын компания өз қызметкерлерін жеткілікті мөлшердегі антисептикпен қамтамасыз ететін болуы керек. Компания басшылығы өз қызметкерлерін вирустан сақтану ережелерімен және этикетпен таныстыру қажет. Мысалы: дұрыс түшкіру мен жөтелу, қол жуу және антисептиктерді жиі қолдану;
- Пакетті алған соң және оны ашқан соң қолыңызды жақсылап жуыңыз;
- Мүмкіндік болса, сізге өнімді жеткізген адамға шайпұл тастауға ұялмаңыз. Бұл сіздің қауіпті шартта жұмыс істеп жүрген адамдарға айтқан алғысыңыз болып саналады.
А. Жапатова