Уақыт керуеніне бөгет жоқ. Ол бір мезетте зырғып өтеді де шығады. Біз уақыттың құндылығын жасымызға жас қосып, есейіп ес жиған кезде аңғара бастаймыз. Ал балалық шағымызда ше? Ойын ойнап, асыр салып жүргенде өміріміздің барлығы осылайша өтетін секілді көрінетін. Ақыл тоқтатып, есейген сайын уақыттан жиі опық жей бастадық. Оның себебі неде?
1. Төтенше жағдай туған кезде уақыт бірден баяулайды. Мысалы, апатқа душар болғанда немесе экстремалды спортпен шұғылданған сәтте. Себебі, сол кезде ми қабылдайтын ақпараттарды бірден жеделдетіп, мағлұматтарды егжей-тегжейлі сақтап қалуға тырысады.
2. Кез келген адамның жиған тәжірибесінің шегі бар. Егер оны 100% өлшеммен есептейтін болсақ, соның 20% ғана өмірлік тәжірибе болмақ. Ал одан бөлек адам тәжірибесінің 70%-ын 40 жастан асқан кезде жинайды.
3. Бір қызығы пілдерде уақыт жай өтеді екен. Себебі пілдердің жүрегі үлкен болып келеді. Ол минутына 25 рет соғады. Бұл адамдармен салыстырып қарағанда өте төменгі көрсеткіш.
4. Егер адам мен жәндіктің өмір сүру уақытын салыстырсақ, айырмашылығы айқын көрінеді. Мысалы, шыбын ең көп дегенде 20 күн өмір сүреді. Ал адам орташа есеппен 100 жас жасайды. Ғалымдардың зертеуі бойынша, шыбынның өмірі адамға қарағанда 10 есе жылдам өтеді.
5. Табиғатта кейбір жануарлардың өмірі қоршаған ортаның ауа температурасына байланысты болады. Оларға бауырмен жорғалаушылар мен құрт-құмырсқалар жатады. Қоршаған ортаның температурасы бірден төмендеп, өзгеріске ұшыраған кезде олардың ағзасының зат алмасуымен қатар уақытты қабылдауы баяулайды екен.
Оқи отырыңыз:
30 секундтық тест
72 сағат ережесімен таныс болыңыздар
Сурет: dnevniki.ykt