Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Ең ұлы ұстаз - уақыт

Ең ұлы ұстаз - уақыт

Ең ұлы ұстаз - уақыт

Қайран уақыт... Кейбір адамдар уақытты өміріміздің ұрысы деп есептесе, бірі уақыт - ұлы ұстаз деген пікірде. Қалай болғанда да, жер бетіндегі әркімнің тірлігі уақыт пен кеңістікке тікелей байланысты.

Осы орайда назарларыңызға планета ойшылдарының осы туралы айтқан кейбір қанатты сөздерін ұсынамыз:

  • Уақыт біреуге ұзақ, біреуге қысқа болып көрінуі мүмкін. Бұл оның қандай іспен, не тірлікпен толтырылғандығына байланысты. Самуил Маршак
  • Көп адам өмір сүру үшін уақытының басым бөлігін жұмыс істеуге жұмсайды. Ал қалған бос уақытта бойындағы стресстен арылуға тырысып күн кешіп жүр. Иоганн Вольфганг Гете
  • Уақыт бізге берілген үлкен сый. Бізді ақылдылыққа, талаптылыққа, жігерлілікке үйрететін басты ұстазымыз - осы. Томас Манн
  • Уақыт жақсы ұстаз. Бірақ бір өкініштісі ол барлық шәкірттерін өлтірмей тынбайды. Гектор Берлиоз
  • Уақыт біздің ойымыздан да жүйрік. Анжелика Миропольцева
  • Дерттердің басты емшісі - уақыт. Аврелий Августин
  • Уақыт күтпейді. Вальтер Скотт
  • Уақыт бір орында тұрған нәрсе. Оның жанынан біз жүгіріп бара жатқандықтан ғана ол жүйіткіп бара жатқандай көрінеді. Пьер Буаст
  • Уақыт ақша секілді нәрсе. Оны пайдасыз жойып, жоқ қылмаңыз. Сонда сізден артық уақытқа бай адам болмайды. Гастон Левис
  • Уақыт бәрін алып кетеді. Бәрінің иесі сол. Публий Вергилий
  • Тарих әрқашан қайталанып отырады. Фрэнсис Бэкон
  • Күндеріміз сондай ұзақ! Жылдарымыз сондай жүйрік! Альфонс Доде
  • Уақыттың қадірін білмейтін адам құрметке лайық емес. Люк де Клапье Вовенарг
  • Уақытты босқа жіберіп алудан артық өкініш жоқ. Иоганн Вольфганг Гете

сурет: mirvam.org

18740 3
Рейтинг: +2

Қосылған күні: 01 маусым 2012, 16:19
Пікірлер
+1
01 маусым 2012, 19:51

Уақыт жақсы ұстаз. Бірақ бір өкініштісі ол барлық шәкірттерін өлтірмей тынбайды. - дурыс айтылган ой екен

+1
17 шілде 2012, 12:15

"Уақытты босқа жіберіп алудан артық өкініш жоқ" деген пікірмен толык келісуге болады,,,

+1
03 қаңтар 2013, 22:35

Уақыт теңдесіз.Оның өткен бір минутын сатып алу мүмкін емес.Қайталанғандай болып көрінседе әйтеуір бір жері ұқсамайды,тура сол сәт,сол уақыт тек уақыттың мұрағатыны кетеді!
Бақыткелді Думан (қазақтан шығатын болашақ,қайталанбас тұлға) :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...