- Негізгі бет
- Жаднама
- Қыз күнделігі: Таңертеңгілік...
Қыз күнделігі: Таңертеңгілік жаттығудың қыздар үшін маңызы
Сәлем, құрбым! Бүгін таңғы жаттығудың біздің денсаулығымыз үшін қаншалықты пайдалы екені туралы сөз қозғамақпын. «Жаттығу» сөзінің өзі күш-қуат жинап, энергиялы болуға дағдылану керектігін білдіреді. Таңғы жаттығу ұйқымызды ашып, бұлшық ерттерімізді оятып, тәніміздің әрбір бөлшегіне оттегіні тасымалдауға көмектеседі. Ол үлкендерден бұрын бізге маңызды. Тек физикалық әсерін ғана тигізіп қоймай, педагогикалық қызметтерін ұсынады. Біз оны жасаған сайын алдағы күнімізді жақсылап жоспарлауға мүмкіндік аламыз. Егер таңертең тұрып жаттығу жасауға дағдыланбаған болсаң, алғашында ата-анаңнан көмек сұра.
Осылайша жастайынан салаутты өмір салтын қалыптастыруды ұнататын адам ересек өмірде зиянды әдеттерден аулақ болады. Мұнымен қатар таңертеңгілік жаттығуды тек таңертең ғана емес, көңіл күйіміз болмай, құрбыларымызбен, ата-анамызбен ренжісіп қалған кезде де жасауымызға болады.
Айтпақшы таңертеңгілік жаттығулар денсаулығымызға пайдасын тигізіп қана қоймай, әрдайым табандылық танытуға көмектеседі. Біздің тиянақты және мейірімді болып өсуімізге де жағдай жасайды.
Енді жаттығу жасау тәсілдеріне кірісейік. Орнымыздан тұрмас бұрын аяғымызды созып, тізе мен табанымызды жазуымыз керек. Артынша бақайыңды төсектің аяғына дейін жеткіз. Бойыңды тік ұстап, жан-жаққа қарай керіл. Дәл осы жаттығуды 4 рет қайтала.
Жаттығу жасаған кезде кедергі жасамайтындай етіп шашыңды төбеңе бу.
Екі қолыңды беліңе қойып, басыңды алдымен оңға, кейін солға қарай айналдыр. Алдыға, артқа, солға, оңға қарай қозға.
Қолыңды беліңнің тұсына иіп, артқа қарай екі рет жылжыт.
Бұдан кейін оңға бұрылып, қолыңды екі жаққа қарай серме.
Жоғарыдағы жаттығуды қайталап, солға қарай бұрыл.
Тек бас пен қол емес, аяқтарыңыз да шынығу үшін екі қолыңды алдыға қарай созып, отырып, тұр.
Осы жаттығуды бірнеше рет қайтала.
Енді бойды жазу үшін бір қолыңды беліңе қойып, екіншісін жоғары көтер. Артынша солға, оңға қарай кезек-кезек иіл.
Бұл жаттығуды орындап жатқан кезде аяқ иық деңгейінде тұрады.
Соңында жүрген кезімізде тіземіз бүгілмеу үшін оң аяқты алдыға, сол аяқты артқа қойып, кезек-кезек иілу керек.
Оқи отырыңыз:
Қыз күнделігі: Бантикті қалай тағамыз?
Қыз күнделігі: Ыдыс жууды ұнатпайсың ба?
Дайындаған: Томирис Сағындық
Сурет: Massaget.kz
Қ. Бүйенбай