- Негізгі бет
- Жаднама
- Қыз күнделігі: Сәлем,...
Қыз күнделігі: Сәлем, құрбым!
Халқымыз қыз баланы «Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі» деп ерекше мәпелеп өсірген. Киім кию мәнеріне, мінезі мен әдептілігіне, ең бастысы денсаулығына үлкен көңіл бөлген. Өткенінен сабақ алған анамыз бен әпкелеріміз әрдайым ақыл-кеңесін айтып отырған. Сүйкімді әрі нәзік, ақылына көркі сай болып өскен қыз баласы әрдайым ата-анасының мақтанышы болмақ. Сүйкімділік инабатты мінезден бастау алып, жарасымды, пішінге қонымды киім киюге ұласады. Ал ақыл білімге ұмтылып, қызықты кітаптар оқыған кезде, ситуацияға байланысты дұрыс пайымдар шығарудың арқасында толысады. Осы қасиеттерді игеруге көмектесетін «Қыз күнделігі» жобасын таныстырмас бұрын өзімді таныстырып қояйын. Менің есімім – Томирис. Мектеп оқушысы болғандықтан, өзіңді "құрбым" деп атайын.
Ал жобамыз:
- Денсаулық пен салауатты өмір салты;
- Сән әлемі;
- Дарынды қыз;
- Қолөнер;
- Берекелі дастархан;
- Махаббат. Алғашқы кездесу;
- Тұлғалардың өмірі;
- Психология сынды тақырыптарды қамтиды.
Осы тақырыптарға қатысты материалдарды оқу арқылы бой түзеп, үлкен өмірге деген алғашқы қадамдарымызды жасай аламыз. Олай болса, іске сәт! Аяулы құрбым, бізбен бірге бол!
Автор: Томирис Сағындық
Сурет: Massaget.kz
Қ. Бүйенбай