- Негізгі бет
- Жаднама
- Күдеріден жасалған аяқ...
Күдеріден жасалған аяқ киімді күту
Күдері – майды илеуден шығатын тері. Сапасы жоғары күдері аяқ киімді бұғы немесе қой терісінен жасайды. Күдері аяқ киімді жаңбырлы күні және ауа температурасы 30 градустан төмен ауа райы кезінде кимеген абзал.
Күдеріден жсалған аяқ киімді күту ережелері:
1. Жаңа күдері аяқ киімді ылғал мен ластанудан қорғайтын арнайы құралмен тазартып алған жөн.
2. Күдері аяқ киімді күту алдында жақсылап кептіріп алу керек. Содан соң щеткамен шаң-тозаңнан тазартыңыз.
3. Егер аяқ киім қатты ластанған болса, сабынды су мен мұсатырлы спирт 1:5 қатынасында араласқан суған щетканы сулап алып, сүртіңіз. Содан соң суық суда жуып, жұмсақ матамен сүртіп, будың үстінде ұстау керек.
4. Күдері бетіндегі майлы дақтарды жанармаймен кетіруге болады. Содан соң үстіне тальк сеуіп, щеткамен тазартыңыз.
5. Күнделікті күтім үшін күдеріге арналған арнайы аэрозольды бояуды пайдалануға болады. Ол аяқ киімге кір жуытпай, таза қалыпта ұстайды.
6. Күдері күтімі үшін кәдімгі аяқ киімге арналған кремді пайаланбаған жөн.
7. Күдері аяқ киімді резеңке щеткамен тазарту керек. Аяқ киімді будың үстіне де ұстап, тазартуға болады.
8. Күдері аяқ киімді пластиктен жасалған пакеттерде ұстауға болмайды.
Ұқсас жазбалар:
Көрпе-жастықты қалай жуу керек?
Ф. Абилова