- Негізгі бет
- Жаднама
- Жұлдыз жорамал: 18.04.16...
Жұлдыз жорамал: 18.04.16 - 24.04.16
«Есіктен кірмес бұрын одан қалай шығарыңды ойла». Қытай даналығы
Тоқты
Бұл аптада істің шешілу-шешілмеуі өзіңізге байланысты. Болып жатқан оқиғалардан қорытынды шығарып, шешімді өзіңіз түйіндейсіз. Бұл аптаның ұраны – қытайдың «Есіктен кірмес бұрын одан қалай шығарыңды ойла» деген даналығы. Жұмыста кәсіби шыңдалу үшін позитивті ойланып үйреніңіз. Ақылды әрі дана адамнан кеңес алыңыз. Жол сілтеп, бағдар көрсететін адамның болғаны жақсы. Демалыс күндері өз-өзіңізге көңіл бөліңіз, фитнес залына не сән салонына барыңыз.
Торпақ
Басшылармен не заң өкілімен келіспеушіліктер орнауы мүмкін. Жолда жүру ережесін сақтаңыз, қоғамдық орындарда заңбұзушылықтан қашыңыз. Жұлдыздар әр істен шусыз шығуға кеңес береді. Бұл апта – қарыздардан құтылатын кез. Аптаның екінші жартысында бойыңыздағы ерекше белсенділікті байқайсыз. Сол үшін денсаулығыңызға көңіл бөліңіз, жаттығу жасаңыз. Денеңізді жарақаттайтын істерден аулақ болыңыз.
Отбасын құрған Егіздер бұл аптада жұбымен келісе алмай жүрген мәселесін шеше алады. Жұбы оның пікіріне келіспеске амалы қалмайды. Жоспар құрар кезде қаржы мәселесіне көңіл бөліңіз. Аптаның екінші бөлігі тыныштықта өтеді. Тып-тыныш бөлмеде өзіңіз қалғыңыз келіп, ойыңызды сергіткіңіз келеді. Бұл да керек шығар.
Шаян
Заңды некедегі Шаяндар бұл аптада барынша сабырлы болуы тиіс. Өзгені тыңдап, сіздің адресіңізге беттеген сындарды жеңіл қабылдаған жөн. Позитивпен ойланып, жұмыста да, мансапта да, үйде де әр іске қиынсынбай қараңыз. Буын ауруларынан сақ жүріңіз. Жылы киініп, жаттығу жасап тұрыңыз. Аптаның екінші бөлігі – достармен кездесіп, өткен шақта еске алу үшін керемет кезең.
Арыстан
Бұл аптада Арыстандар денсаулығына көп көңіл бөлуі керек, тұмау, жөтел секілді жұқпалы аурулардың алдын алып, денеңізге күш түсіретіндей жұмыс жасамаған абзал. Дене қызуыңыз көтерілсе, күйзеліске түспеңіз, өткінші ауру деп позитивті қабылдаңыз. Дәрігерге көрініңіз, егер екпе жасау керек десе, одан қашудың қажеті жоқ. Махаббат айдынында бәрі сәтті болады. Денсаулығыңыз сыр беріп жатса, оған көңіл бөлмей қапы қалып жүрмеңіз.
Бикеш
Сүйіктісін тапқан Бикештер бұл аптада әлдебір күйзеліске тап болуы мүмкін. Қызғаныш деген қызу сезімнің буымен сүйіктісін ренжітіп алмағаны дұрыс. Сол үшін барлық іске сабырлықпен қарап үйрену керек, таңдап сүйген жұбыңыздың көңіліне қарап, айтылған сөзді жүрек ауыртпауын қадағалау қажет. Ал отбасыңызда жасы үлкен тумаңыз сіздің көмегіңізге зәру. Аптаның аяғы – үйге жөндеу жұмысын жасау үшін оңтайлы уақыт.
Таразы
Үй тірлігіне араласып, жиһаздарды жөндеу – осы аптаның еншісінде. Апта соңында, яғни демалыс күндері романтикалық танысуға тап болуы мүмкін. Маңызды кездесулер мен жиналыстарда өзін еркін сезініп, ойын жинақы жеткізген Таразыларды жақсы нәтиже күтіп тұр.
Сарышаян
Бұл апта Сарышаяндар үшін өте сәтті болмақ. Жұмысқа деген сүйіспеншілік сізге табыс әкелуі мүмкін. Айналадағы адамдармен тіл табыса білу керек. Олардың сынына ұшырамай, шешімді ашумен емес, сабырмен шешу керек. Денсаулығы сыр берген Сарышаяндар демалыс күндері өзіне көп көңіл бөлгені жөн. «Ауруын жасырған өледі» демекші, тез арада емделген дұрыс.
Мерген
Мергендер ортасында болып жатқан келеңсіз жағдайларды қолға алуы тиіс. Бар мәселе Мергеннің «қолымен» шешіледі. Ынтамен кіріскен істің нәтижесіз болмайтынын Мергендер осы аптада байқайды. Бұл апта театрға не киноға барып немесе кітап оқып, өзіне рухани азық жинауға сәтті болмақ. Қаржының аздығы олардың көңіл-күйіне әсер етуі мүмкін, бірақ ынтасына кедергі болмасы анық.
Тауешкі
Жұлдыздар Тауешкілерге бұл аптада ешқандай жауапкершілікті мойнына алмауына кеңес береді. Ағыспен еркін жүзіп, бар мәселені тыныш шеше аласыз. Осыған сеніңіз. Рухани баю үшін кітап оқып, классикалық әуендер тыңдап, санаңызды бір демалтып алған дұрыс. Тән мен жанның баюы – сіздің болмысыңыздың дамуы деп біліңіз. Жан-жақты өркендеу үшін өзіңізден бастаңыз.
Суқұйғыш
Бұл апта Суқұйғыштар үшін достық қарым-қатынасты нығайту үшін оңтайлы кезең. Ескі достармен болған кикілжіңді ұмытып, сенімді қайта орнатуға оңай сәт осы аптада тумақ. Егер досыңыз сізді қонаққа шақырса, бас тартпаңыз. Өткен-кеткенді еске алып, солып қалған қарым-қатынастың «ағашына» су құйыңыздар. Отбасыңызға да көңіл бөліңіз. Демалыс күндері саяхатқа шығып демалып, адамдармен танысуға жол ашыңыз.
Балықтар
Балықтар бұл аптада мансап пен қаржы мәселесіне көп көңіл бөлуі тиіс. Көңіл бөлінген сайын өз ісіңізге де көңіліңіз толады, санаңызда позитивті пікір қалыптасады. Мысалы, сіздің қызметіңізді арттырса, басқару ісінде жетістікке жете аласыз. Қаржы жағынан кіріс көп болмақ. Техникалық жаңалықтардан құр қалмаңыз. Кикілжіңнен қашыңыз, әсіресе, достар арасындағы кикілжіңге жол бермеңіз. «Ойын-сауық орталықтарына барамыз» деген секілді ұсыныстарға келгенде ойланыңыз. Бұл апта – көңіл көтеруге емес, іспен айналысуға сәтті кезең.
Г. Берік