Қызғаныш пен ашу туралы өсиет әңгіме

Қызғаныш пен ашу туралы өсиет әңгіме
Фото: thinkpool.com

Бұл өсиет әңгіме көре алмаушылық, қызғаныш, ашу мен кемсіту жайлы баяндалады.

Жапон елінің бір қалашығында қарт самурай тұратын. Ол өз шәкірттерін білімді, ақылды етіп тәрбиелейді. Бір күні сабақ барысында өзінің тәртіпсіздігі мен қатігездігімен елге аты жайылған жауынгер келеді.

Оның өзіндік әскери тактикасы болатын. Ол қарсыласына ауыр сөздер айтып, ашуландырады. Ызаланған қарсыласы жекпе-жекке шығып, ашудың салдарында қателіктер жіберіп, жеңілетін.

Бұл жолы да жауынгер қарт самурайды ашуландыру үшін ауыр, балағат сөздерін жаудырады. Алайда самурай оған қалт етпейді. Әлгі жігіт үш рет қайталап көреді. Самурай сабағын жалғастыра береді. Ызаланған жауынгер есікті теуіп, кетіп қалады.

Мұны бақылаған шәкірттері самурайдан: «Ұстаз, неге оның мұндай тәртіпсіздігіне жауап бермедіңіз? Оны жекпе-жекке шақыру керек еді!» деп ызаланады.

Дана самурай:

- Сізге біреу сыйлық алып келіп, сіз қабылдамасаңыз, ол кімнің қолында қалады? - деп сұрайды.

- Өзінің иесінде, - деп жауап береді шәкірттері.

- Бұл қызғаныш, ашу, кемсіту мен мысқылға да қатысты. Оларды қабылдамағанша, барлығы өз иесінде қалады, - деп айтады самурай.

Расында да, біреудің ашулы сөзін көңілге алмасаңыз, жүйкеңіз тозбайды. Демек денсаулығыңыз да қалыпты болады. Бұл өсиет әңгіме адамды сабырлы, кешірімді болуға шақырады.

Ф. Абилова