Жазу шеберлігін арттыруға арналған жаттығулар #2

Жазу шеберлігін арттыруға арналған жаттығулар #2
Фото: imagika.ru

Адам өмірге келе сала жазушы не журналист болып тумайды. Қай-қай нәрсе де 1% дарын мен 99% еңбектің арқасында келетіні белгілі. Шығармашылық шеберлік те адам еңбегімен өркендейді. Еркін тақырыпты бәріміз жақсы көргенімізбен, кейде қандай тақырып таңдарымызды білмейміз. Сіздерге жазу машығын қалыптастыру үшін қызықты тапсырмалар ұсынамыз.

БАСЫ

Дүкеннен келе жатсыз. Пәтеріңіздің есігі айқара ашық тұр. Адам ойына келмейтін он себеп жазыңыз.

Мына сөйлемді бес түрлі нұсқамен толықтырыңыз. «Өтінемін, ...  ойламаңызшы, әйтпесе ... »

Атына заты сайы 150 адам атын ойлап табыңыз. Мысалы, Арыстан, Көркем...

Өзіңіз ешқашан бармайтын 50 әрекетті тізбектеп шығыңыз.

Жауын-шашынды күні немен айналысасыз?

Не себепті жазу машығымен күнделікті айналыспайсыз? Бірнеше сөйлеммен түсіндіріп жазыңыз.

Көзіңізді жұмыңыз. Бөлмедегі бір нәрсені елестетіңіз. Ұсақ-түйегіне дейін түгел ойға келтіріңіз. Көзді ашқан соң, ол нәрсеге қарамай отырып, ойыңызға келгеннің барлығын қағазға түсіріңіз.

Ыдыс жуғыш машинасының ішіндегі қасықтың монологын жазыңыз.

Мына сөздерді қолданып әңгіме ойлап табыңыз: жүзік, жапырақ, ат, алма, ұшақ, кітап, желім.

Ормандағы барлық ағашты отап тастағанда, бір ағаш қана кесілмей, аман қалды. Сол тіршілік иесін қиялыңызбен сөйлетіңіз.

Қандай адамды тым өркөкірек деуге болады? Сол кісінің мінез-құлқын, іс-әрекетін түгел келтіріңіз.

Мұғалім еңбек жолын басқа арнаға бұрғысы келеді. Көркем сөзбен кестелей отырып, 15 себеп жазыңыз.

Өмірден түңілген адамды қайта құлшындыратын 7 сөйлем ойлап табыңыз.

Өткен өміріңіздегі ең іш пыстырарлық күн жөнінде іш пыстырмайтын әңгіме құраңыз.

«Егер менің құзырымда болса, мына нәрсені өзгертер едім». Ойыңызды 2000 сөзбен жеткізіңіз.

Қою көк түсті нәрсе туралы шығарма жазыңыз.

Қорқынышты нәрселердің тізімін құрыңыз. Қайсысын көбірек қорқасыз. Себеп-салдарын әсем сөзбен өрнектеңіз.

Болашақта мекен еткіңіз келетін жерді сипаттаңыз.

Өмірде ең қиын сәтте қабылдаған шешіміңіз жөнінде не дер едіңіз?

Бөлмеде адам лық толы. Бірақ, тас қараңғы, ештеңе көрінбейді. Қандай сезімде боласыз?

Адамға зиян тигізетін әрекеттер жөнінде «Арам шөп секілді қаулап өсіп келеді» деген 7 абзац жазыңыз.

Ит өсіруші маман, заң, жағажай, кілт, бөлке. Осы сөздерді қолданып, шағын шығарма құраңыз.

Нашар адамды не өтірікшіні ақтап алатын 8 себеп іздеңіз.

Жазған туындыларыңыздың бағасын білгіңіз келсе, блогтар бөліміне енгізіп, оқырман пікірін күтіңіз. Массагет тілшілері де артық-кемін түзетіп, ақыл-кеңесін бөлісуден қалыс қалмас.

@. @assel_assanova