Жазу шеберлігін арттыруға арналған жаттығулар

Жазу шеберлігін арттыруға арналған жаттығулар
Фото: fotokto.ru

Шағын әңгіме жазыңыз. Ол бір кезде жіберіп алған мүмкіндігіңіз жөнінде болсын.

Өткен шағыңызға хат жазыңыз. Өзіңізге он жасар кезіңізде не айтар едіңіз? Ересек болсаңыз, «Он алты жасыңызға» хат жазыңыз.

Өзіңізге ұнайтын өлеңді еске түсіріп, соның соңғы жолын әңгімеге тақыпп етіп алыңыз да, ары қарай сұлу сөзбен, оқиғалы оймен өрбітіңіз.

Мысалы

«Сен менің жүрегімді жазалама,

Шыдайды ол қуанышқа, қазаға да,

Жүрек деген – сезім ғой, сезіміме

Сезіммен кел, болмаса мазалама». (М.Мақатаев)

«Сезіммен кел, болмаса мазалама» деп бастаңыз да, қаламыңыз тоқтағанша ағылта беріңіз.

Болашақта мекен еткіңіз келетін жер жөнінде 500 сөзбен сипаттап жазыңыз.

Іші бос шыныаяқ жөнінде әңгіме жазыңыз.

Өміріңізде есте қалған ең ыстық күн жөнінде не жаза алар едіңіз?

Ең алғашқы ойыншығыңыз есіңізде ме? Қалай ойнағаныңызды еске түсіріп, естелік етіңіз.

Жұмыстан, сабақтан, отбасынан, достардан – бәрінен шаршап кететін кез болады. Сондай кезде қайда барсаңыз жаныңыз жай табады? Сол жер жөнінде қалам тербеңіз.

Түн ортасы ауғанда есік қағылды, үйге аяқ астынан қонақ келді. Оған не дер едіңіз?

Шет тілі не үшін қажет? 15 себеп ойлап табыңыз.

Су, ақша, айна, құдық, жаңғақ, қағаз деген сөздерді қатыстырып, әңгіе құраңыз.

Жазған туындыларыңыздың бағасын білгіңіз келсе, блогтар бөліміне енгізіп, оқырман пікірін күтіңіз. Массагет тілшілері де артық-кемін түзетіп, ақыл-кеңесін бөлісуден қалыс қалмас.

@. @assel_assanova