- Негізгі бет
- Жаднама
- Жастарға айтар 101...
Жастарға айтар 101 ақыл #6
Екі адам орман арасында аяғы аяғына тимей келе жатқанда, алдарынан үлкен бір қара аю шыға келіпті. Аюды көрісімен біреуі асығыс аяқ киімінің бауын мықтап байлауға кірісіпті. Енді біреуі оған: «Бұлай істеуіңнің енді неге керегі бар? Бәрібір аюдан тез жүгіре алмаймыз» депті.
Сонда аяқ киімінің бауын байлап жатқан әлгі адам: «Мен аюдан емес, сенен ғана тез жүгіріп кетсем болды» депті.
Сен жасап отырған мына дүние сан құбылған әрі бәсекеге толы қиян-кескі дүние. Сондықтан, біреуден озу-озбаудың табысқа жету мен сәтсіздікке ұшырауыңды белгілейтін түйінге айналуы мүмкін.
«Жүйірік», «жақсы», «іскер», «ақылды» дегеннің бәрі образды сөздер, кейде өзіңнің бәсекелес әріптесіңнің кім екенін білу өте маңызды.
Алдағы нысананы мақсатсыз белгілесең, керісінше күш-қуатың зая кетіп, жер сипап қаласың. Сондықтан, әрдайым табысқа жетуің өз жолыңды дұрыс талдай білуіңмен тығыз қатысты болады.
Елден ерек адам болу үшін, барлық адамнан мықты болудың қажеті жоқ, тек өз әріптесіңнің, өз серігіңнің алдына түссең ғана топ жарып шығасың.
Оқи отырыңыз:
Эмиль Беккет. Жастарға айтар 101 ақыл #1
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: nipic.com
M. Auelkhan