Жастарға айтар 101 ақыл #5

Жастарға айтар 101 ақыл #5

Хайуанаттар патшалығында үлкен спорттық шара өтіпті. Аю балуандықтың, маймыл өрмелеудің, бұғы ұзаққа секірудің жүлдесін еншілепті, ал орангутан мен қоян қара жүгірістің жүлдегерлігіне таласыпты, орангутан жол ортаға жеткенде діңкесі құрып, жеңілгеніне мойынсал болыпты, десе де ол көмбеге жеңіспен оралған қоянды шапалақ соғып құттықтапты, жарыс аяқтаған соң орангутан ең таңдаулы спортшы деген даңқты сыйлық алыпты. Арыстан мұны: «Әркім өз тұқымының спортшыларын марапаттап жатқанда тек осы орангутан ғана өзгелер үшін шапалақ соқты, сондықтан ол осы даңқты атаққа лайық» деп түсіндіріпті.

«Өзгелер үшін алғыс айту» әсте сенің әлжуаз екеніңді бейнелемейді.

Басым көп санды адамдар өмірде тек өзінің нәтижесі мен табысына бола қуанып мәз болып жатады, ал өзгенің нәтижесін көргенде томсарып, сыртын береді, әмісе шын ділін бергісі келе бермейді.

Басқалардың нәтижесі үшін қуана білудің өзі, шынтуайтында, парасаттылық саналады, өйткені сен басқаға сүйінген кезіңде рухани жақтан желпініп қаласың, өзгелер үшін сүйіне білудің өзі бір тамаша мінез, басқаларды марапаттап отырсаң жасып-жәбірленгеннің орнына онымен болған достық және селбестігің күшейе түседі әрі осы барыста бойыңдағы өзімшілдік және қызғаншақтық күйді аластап, сабаз жан боп жетілесің.

Өзің үшін оңай шаттанасың, ал өзге үшін шаттану қиын соғады, өмірде өзге үшін шаттана білуді үйрен балам.

Оқи отырыңыз:

Эмиль Беккет. Жастарға айтар 101 ақыл #1

Жастарға айтар 101 ақыл #2

Жастарға айтар 101 ақыл #3

Жастарға айтар 101 ақыл #4

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: nipic.com

M. Auelkhan