- Негізгі бет
- Жаднама
- Facebook-тың иесі жарты...
Facebook-тың иесі жарты байлығын қайырымдылыққа жұмсайтын болды
Әлемдегі алпауыт әлеуметтік желісінің құрастырушысы Марк Цукерберг барлық байлығының 50%-ын қайырымдылық қорына аударатынын мәлімдеді.
Осы игі ісімен ол қайырымдылықпен айналысуға қырын қарамаған америкалық ауқаттылардың 17-сі болып қосылды, деп хабарлады Reuters агенттігі.
Осы жылдың маусымында The Giving Pledge деп аталған қайырымдылық шарасын әлемдік алпауыттар: Билл Гейтс пен Уоррен Баффет бастап, мәселе көтерген болатын. Содан әлемнің әр түкпірінен 57 миллиардер бұл тізімге кіріп, жеке қорының 50%-ын әлеуметтік аз қамтылған адамдардың шотына аударуды ұйғарған екен.
Ұжым мүшелері жер шарының ең бай деген адамдарына жарты байлық қаржысын қайырымдылыққа аудару жөнінде ұсыныс жасап, өмірден өткен соң да қайырымдыққа мұқтаж жандарға көмек беруін өтінеді.
Көмек қолын созған Цукербергтен басқа AOL-дың құрастырушылардың бірі Стив Кейс, қаржыгер Карл Иканн және Уолл-стриттың бұрынғы менеджері Майкл Миклендер де бар. Айтпақшы, соңғы аталған азамат қазір түрмеде отыр...
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: zonainternet.ru
А. Құлтай