- Негізгі бет
- Жаднама
- Еттен толық бас...
Еттен толық бас тартса ағзаға не болады?
Диетолог Елена Тихомирова адам еттен толық бас тартса оның салдары не болатынын айтты.
Оның айтуынша, жануарлардың да, құстардың да етінде дәрумендер мен қоректік заттар көп.
«Жануарлар мен құстар темірді тасымалдаушы екенін есте ұстаған жөн, олардың бауырында да В12 дәруменінің көп мөлшері бар. Сондықтан адам ет жеуден бас тартса, уақыт өте келе темір тапшылығы пайда болады, ол өте баяу дамиды», - дейді маман.
Темір тапшылығы уақыт өте келе анемияны тудырады, оның салдары әлсіздік, ми мен бұлшықеттердің нашар жұмысына алып келеді. Жақын арада ана болуды жоспарлағандар үшін жүктілікті тоқтату қаупі айтарлықтай артады.
Тихомирова сонымен қатар спортшылардың еттен бас тартуы олардың жаттығуын, ал, тамақ ішпейтін балалардың оқуы қиындайтынын атап өтті. Бұл ретте дәрігер екі-үш ай еттен уақытша бас тарту денсаулыққа зиянын тигізбейтінін айтты.
Айта кетейік, бұған дейін гематолог гемоглобинді қалай көтеруге болатынын айтқан еді.
Т. Раушанұлы