- Негізгі бет
- Жаднама
- "Доллар" сөзі қалай...
"Доллар" сөзі қалай пайда болды?
«Доллар» сөзі «талер» сөзінен пайда болған. Егер сіз теңіз қарақшылары туралы роман оқыған болсаңыз, міндетті түрде естіген боларсыз. Себебі жазушылар өз әңгімесінде осы сөзді жиі қолданады. XVI ғасырда Богемия (Чехия) жерінде орналасқан Сен-Иохимшталь қаласы «иоахимсталер» атты ақша түрін пайдаланған. Кейіннен ұзақ айтылатын сөз неміс тұрғындарына ауыртпалық түсіріп, қысқартылып «талер» деп айтыла бастады. Одан бертін келе ағылшындар мен голландтықтар «талер» сөзін жиі-жиі қолданып, өздерінің тіл мәнерлеріне сай «доллар» деп атап кеткен.
1776 жылы Америка Құрама Штаты өз тәуелсіздігіне қол жеткізеді. Содан 1792 жылы Америка барлығына бірдей валюта бірлігі етіп "долларды", тиын үлгісі ретінде "центті" енгізу туралы шешім қабылдайды.
Доллардың сыртқы бейнесі жүз жылдан аса уақыт еш өзгеріссіз келген. Тек 1955 жылы “In God We Trust” жазуы бар, әрлеуі барлығына әйгілі доллар банкноты басыла бастады. Бұл жазудың тарихта алатын орны ерекше, өйткені 1881 жылы АҚШ елінде азамат соғысы салдарынан адамдар өмірге діни көзқараспен қарай бастайды. Қарапайым халық ақшадағы таңба адамды дұрыс жолға сілтейді деп есептеген. 1894 жылы ақша банкнотына осы жаңалық Конгресс қолдауымен енгізілді.
Оқи отырыңыз:
Ғалымдар қартаймаудың жолын тапты
Галактикамызда Жаңа Күн жүйесі қалыптасты
"Мона Лиза" картинасы туралы қызықты деректер
Жапондар оқушыдан да "ақылды" робот жасап шықты
Сурет: gotowall.com
Н. Нұрмаханұлы