Балалардың ата-анасына неліктен қоңырау шалмайтынын психолог Денис Долгов түсіндірді.
Бала ата-анасын қанша жақсы көрсе де уақыт өте келе бәрібір бөлек өмір сүруге мәжбүр болады.
"Бірақ уақыт өтеді, есейген балалардың өз балалары болады, олардың жұмысы мен проблемалары да көбейеді. Балалар ата-анасын сағынуы мүмкін, бірақ бәрібір хабарласпайды. Ата-аналар балаларының сирек қоңырау шалатындығына шағымданады, ал өздері телефон соққанда, олар әңгімені мүмкіндігінше тезірек аяқтауға тырысады. Ал бұған ата-ананың өзі кінәлі – олар сізді ешкім ешқашан ұмытқан емес", - дейді психолог.
Ата-ана мұндай жағдайда "балам мені жақсы көрмейді", "маған ренжіп жүр ма?" деген сияқты ойлауы мүмкін.
Бірақ іс жүзінде балалармен қарым-қатынасының алшақтап кетуіне ата-аналадың өздері кінәлі болады екен.
Психолог оған себеп ата-ананың баласын шектен тыс сынауында жатқанын айтады.
• сын;
• қажетсіз кеңес;
• теріс пікір (көп жұмыс істейсің, бірақ әлі де ақшаң өзіңе жетпейді);
• сөгіс (30-ға таяп қалдың, жұрттың баласы...).
Мұндай сындар ешкімге ұнамайды, дейді психолог.
"Кімге ұнайды? Сын әділ болса да адамға ұнамайтыны сөзсіз. Қажетсіз кеңестер ашуландырады. Балалар ата-анасын жақсы көріп тұрса да қарым-қатынасты барынша азайтуға тырысады, осылайша өздерін олардан келетін улы негативтілік ағынынан қорғайды", - дейді Денис Долгов.
Жағдайды қалай түзетуге болады?
Мұндай жағдайға байланысты психолог бірнеше кеңес айтады:
Қарым-қатынасты жағымды және қуанышты ету керек. Балалар енді кішкентай емес, өз өмірлерін өздері жасайды. Егер олар сіздің кеңесіңізге немесе бағалауыңызға шынымен мұқтаж болса, көмек сұрайды. Қажетсіз белсенділіктен аулақ болыңыз.
"Қажетсіз сын мен сөздерді доғару керек. Отбасында мейрімді адам бол, балалар саған тартылады. Оларды мақтаңыз. Ал нәтижесі сізді таңғалдырады, - дейді психолог.
Айта кетейік, бұған дейін психолог туыстар сынамау үшін не істеу керегін айтқан болатын.