Диетолог Андрей Бобровский қандай жағдайда етте паразиттер мен бактериялар болатынын radiosputnik-ке берген сұхбатында айтты.
Диетологтың айтуынша, етке дұрыс сақтамаған кезде паразит жұғады.
Сондай-ақ, Бобровскийдің айтуынша, жабайы жануарлардың етінде жиі паразит болады.
"Жабайы жануарлардың еті қауіпті. Аңшылар етін ветеринарлық-санитарлық сараптамадан өткізуге міндетті. Жабайы жануарлардың етін тексерусіз жеуге болмайды", - дейді дәрігер.
Ветеринариялық-санитариялық бақылаусыз жерден сатып алынған ет денсаулыққа қауіпті. Сондықтан ет өнімдерін ірі фермерлік базарлардан немесе белгілі желілік дүкендерден алған дұрыс, - деп кеңес береді дәрігер.
"Сенімді жеткізушілерден ет өнімдерін сатып алу керек. Ветеринарлық-санитарлық бақылау әдетте ірі фермерлердің базарларында жақсы жұмыс істейді. Немесе ірі ет дүкендер желісінен алған дұрыс. Мұндай дүкендер де мұқият қадағыланады. Жеке тұлғалардан, жолдардың жанынан немесе ауылдық базарлардан ет сатып алу қауіпті болуы мүмкін: ол жерде ет өнімдерінің сақталуы мен талдауын ешкім қадағаламайды», - дейді Андрей Бобровский.
Айта кетейік, бұған дейін дәрігер қартайған сайын метаболизмді бәсеңдететін 5 әдетті атаған болатын.