Қартайған сайын метаболизмді бәсеңдететін 5 әдет

Қартайған сайын метаболизмді бәсеңдететін 5 әдет
Фото: pexels.com \ Viktoria Alipatova

40-50 жаста дене сымбаты мен денсаулықты сақтау үшін жастық шаққа қарағанда әлдеқайда көп күш салу керек. Мысалы, кейбір әдеттер мен өнімдерден бас тарутға тура келеді.

Уақытында су ішіп тұру

Көптеген адамдар жеткілікті суды ішудің маңыздылығы туралы естіген. Дегенмен, су жиі ішу метаболизмге де әсер етеді. Бірақ адамдар қартайған сайын  суды уақытында ішуді ұмытып кете береді.

Алкогольден бас тарту

Қандай алкогольді таңдағаныңыз маңызды емес: әлсіз болып көрінетін сыра, қымбат шарап және алкогольсіз коктейльдер сізге бірдей зиян тигізеді. Егер сіз тым көп ішсеңіз, алкоголь сіздің денеңіздің кейбір қоректік заттарды сіңіру қабілетіне кедергі келтіруі мүмкін. Сонымен қатар, алкогольде бос калориялардың көптігі сонша, алкогольдік сусындардан салмақ қосу өте оңай. Әсіресе 50 жастан асқан адамдар үшін алкаголь тіпті зиян.

Көк шай ішу

Егер сіз әлемде кофе бар кезде көк шайды қалай ішуге болатындығын түсінбейтіндердің бірі болсаңыз, бұл сусынға деген көзқарасыңызды өзгертуге тура келеді. Көк шайда – зат алмасуды қолдайтын катехиндердің дозасы бар. Ал катехин EGCG, кофеинмен бірге, калорияларды тиімдірек жоюға мүмкіндік береді.  Әсіресе, физикалық белсенділігі төмен адамдар ішу керек.

Ең бастысы, шайды қантсыз және жоғары калориялы тағамдарсыз ішу қажет.

Газдалған сусыннан бас тарту

Тәтті лимонад, әрине, өте дәмді, бірақ сонымен бірге өте зиянды. Ғаздалған сусын құрамында тым көп қант бар, бұл сіздің метаболизміңізді баяулатады. Сондай-ақ Еуропалық клиникалық тамақтану журналында зерттеу жарияланды, оның авторлары: фруктоза бар сусындарды шамадан тыс тұтыну да метаболизм жылдамдығының төмендеуіне әкеледі деген қорытынды шығарды.

Пестицидтер қосылған шырын ішу

Жеміс шырыны мүлдем пайдалы сусын болып саналады. Дегенмен, шын мәнінде, тек жаңа сығылған шырын жақсы. Ал, ұзақ сақталатын шырындарда қант пен консерванттар лимонадтан кем болмауы мүмкін.

Шырын пестицидтермен өңделсе және одан кейін жақсы тазартылмаса, мұндай шырын сіздің метаболизміңізге зиян келтіру қаупі бар.

А. Оралқызы