- Негізгі бет
- Жаднама
- Аз қозғалысты өмір...
Аз қозғалысты өмір салтымен күресудің 5 қадамы
Егер күнде уақытыңыздың көп бөлігі кеңседе жұмыс үстелінің алдында отырумен, ал кешкісін сериал қарап жатумен өтсе, денсаулығыңыз сыр бермес үшін алдын алу қадамдарын қолға алу керек. Аз қозғалысты өмір салты ағзаның ерте қартаюына, семіруге және жүрек-қан тамырлар ауруларына әкелуі мүмкін. Көбірек қозғалуды қалай бастау керек?
1. Жаяу жүріңіз
Жаяу жүрудің кез келген мүмкіндігін пайдаланыңыз. Мысалы, бір кеңседе отыратын әріптесіңізбен жұмыс процесін талқылау қажет болса, оған телефон соғудың немесе хат жазудың орнына оның кабинетіне барып жеке сөйлесіңіз. Егер ол басқа қабатта отырса, тіпті, жақсы, баспалдақпен көтеріліңіз.
Азық-түлік алу үшін дүкенге жаяу барыңыз. Егер біреумен телефон арқылы ұзақ сөйлесу керек болса, әңгіме айту барысында далада жүріңіз.
Күніне жүрген қадамыңызды көрсететін фитнес-білезік сатып алыңыз немесе сондай қосымшаны смартфонға жүктеп алыңыз. Күніне 10 мыңнан аз қадам жүрмеуді мақсатқа айналдырыңыз.
2. Белсенді хобби табыңыз
Жүзу немесе спорттың басқа бір түрі жақсы хобби бола алады. Бірақ егер сіз жаттығу залдарын ұнатпасаңыз, уақытты жақындарыңызбен немесе достарыңызбен өткізгенді жөн көрсеңіз, бүкіл отбасыға немесе достарға арналған ортақ белсенді хобби ойлап табыңыз. Мысалы: тауға шығу немесе бақ шаруашылығы.
3. Жиі тұрыңыз
Егер арқаңыз ауырмаса, барынша жиі тұруға тырысыңыз. Мысалы, қоғамдық көлікте немесе кезек күткенде отырмаңыз, тұрып күтуді әдетке айналдырыңыз. Үйге пилатеске арналған үлкен үрмелі доп алып қойыңыз. Оны орындықтың орнына пайдаланыңыз және арасында оның үстінде аунаңыз.
4. Жұмысқа дейінгі жолды пайдалы өткізіңіз
Қазір адамдардың көпшілігі қала ішінде велосипедпен немесе самокатпен жүреді. Біріншіден, бұл – калория кетірудің аса білінбейтін әдісі. Екіншіден, үнем. Үшіншіден, ол кептелістегі және қоғамдық көліктегі жағдайлар себепші болатын күйзелістен арылтады.
5. Ұйқыдан 30 минут бұрын тұрыңыз
Әдеттегі уақыттан ерте тұрудың көп пайдасы бар. Ерте тұрсаңыз, жаттығу жасауға, шынтақ тіреп төрттағандап тұруға (планка), созылуға немесе гантельдермен жұмыс жасауға уақыт болады. Күннің бұлай басталуы сізді энергиямен қуаттайды және күнді белсенді өткізуге ынта береді. Бастапқы бірнеше күн қиналуыңыз мүмкін, алайда кейін ол пайдалы әдетке айналады.