Аптаның қай күні дүниеге келдіңіз?

Аптаның қай күні дүниеге келдіңіз?

Аптаның нақты күнінде туғандардың мінездері бір-біріне ұқсайды екен. Аптаның қай күнінде туғаныңызды ұмытып қалсаңыз, мына сілтемеге өтіп, онлайн калькулятор арқылы есептей аласыз. 

Дүйсенбі: Ай. Дүйсенбі күні туған жандар әсершіл, жараланғыш келеді. Оның сезімталдығы сонша, біреудің қайғысына жүрегі көп уақыт езіліп жүреді. Ай адамдары бәрін жүрегінен өткізеді. Оған шығармашылық, гуманитарлық ғылым, қайырымдылық жұмыстарымен айналысу керек. Науқас, кедей жандармен жұмыстану да қолынан келеді. Дүйсенбі дүниеге келгендер бәрін өзінен өткізіп, адамдардың жағымсыз энергиясын алып қояды. Олар үшін отбасы, шаңырақ өте маңызды. Бұндай жандардың туа біткен музыка, әдебиет, шет тілін үйрену дарыны болады. 

Сейсенбі: Марс. Бұл күні туғандар жылдамдық пен тәуекелді талап ететін нәрселермен айналысқанды жақсы көреді. Оның өміріндегі көп оқиға тез өрбиді, өйткені ол нәтижеге тез жетуге асығады. Бұл адамдар алдына жиі мақсат қойып, оған жетудегі кедергілерді көре бермейді. Көбіне тоқтап ойлана алмауынан таяқ жеп жатады. Сейсенбі дүниеге келгендер жігерлі, мақсатқа талпынғыш, ер мінезді, тәуекелге барғыш, мақсатқа қалай да жеткіш, батыл, мықты келеді. Олар әскери қызметке алынып жатады. Бұл адамдар автокөлік, техника саласында жақсы жұмыс атқара алады. 

Сәрсенбі: Меркурий. Бұл күні өмір есігін айқара ашқандар ұзақ уақыт жастық шағын сақтай алады. Ол үшін аға-інісімен, қарындас-сіңлісімен, достарымен арадағы қарым-қатынас өте маңызды. Олар – алғыр, тұрақсыз, өзгеріске құштар, күйзеліске көп бой алдырмайтын адамдар. Сәрсенбінің сәтті күні туғандар мұғалім, жазушы, журналист қызметтерін сүйіп істейді. 

Бейсенбі: Юпитер

Жұма: Венера

Сенбі: Сатурн

Жексенбі: Күн

Сурет: joyreactor.cc

Ұқсас жазба:

Аптаның қай күні туылдыңыз?

Р. Роза