Аптаның қай күні дүниеге келдіңіз? (Жалғасы)

Аптаның қай күні дүниеге келдіңіз? (Жалғасы)

Аптаның қай күнінде туғаныңызды ұмытып қалсаңыз, мына сілтемеге өтіп, онлайн калькулятор арқылы есептей аласыз. 

Дүйсенбі: Ай

Сейсенбі: Марс

Сәрсенбі: Меркурий

Бейсенбі: Юпитер. Бұл күні туғандар кең көлемде ойлап, әрекет ете алады. Алдарына қойған мақсаттары глобалдығымен, ауқымдылығымен ерекшеленеді. Олар үшін жақсы білім алудың маңызы зор. Жолдары болса, ықпалды, сыйлы адамға айналады. Олар білім саласындағы кез келген мамандықты еркін меңгеріп кете алады. Аптаның бейсенбі күнінде туғандар үшін бірінші орында қоғамға қызмет ету міндеті тұрады. Бұл оның жеке өміріне кері әсерін тигізіп жатады. Олар жақсы тәлімгер, үгітші, философ бола алады. Олардың жан-дүниесі таза, жүрегі жұмсақ келеді, өз нанын өзгемен бөлісе алады. Бұндай адамдар өз күшін дұрыс жұмсай білуі керек. Сондай-ақ олардан жақсы жазушы, суретші шығады, ұйымдастырушылық қабілетке ие олар ақшаны жақсы табады. 

Жұма: Венера. Сезім мен әсер алу бұл адамдар үшін бірінші орында. Олар денсаулығы мен сыртқы келбетін жақсы күте біледі. Оларды көбіне әйелдер қоршайды. Мінездерінде қарама-қайшылық бар және ішкі қайшылықтары өзара арпалысқа түсіп жатады. Логикасы жақсы дамыған жұма күні туғандар өзге адамға ақылға қонымды кеңес бере алса да, сол дұрыс кеңестерді өзіне қолдана алмайды. Біреуді ренжітіп алғанда артық сөз айтып қойып, артынан өкінеді. 

Сенбі: Сатурн. Бұл күні туғандардың өмірі қиындыққа толы келеді. Бала кезінен-ақ түрлі сынақтан өтетін олар өмірдің қуанышты сәттерінен көп ләззат ала білмейді. Аяқтан шалуды көп көреді. Десе де өмірге философиялық тұрғыдан қарай алу қабілетіне ие келеді. Сондықтан сенбі күні туған балаларды рухани, физикалық жағынан мықты етіп өсіру керек. Бұндай адамдар – нағыз еңбекқор, кез келген қиын іске қымсынбай кірісіп кетеді. Олардан жақсы басшы, экономист шығады. 

Жексенбі: Күн. Бұл күні дүниеге келген жандардың миы жаңа идеяға толы. Олар идеяларын өздері жүзеге асырмай, оңды-солды шашып жүреді. Ұйымдастырушылық қабілетке бейім болса да, өз қиялында өмір сүргенді ұнатады. Кез келген шығармашылық жұмысын дөңгелетіп алып кете алады. Олар өмір бойы басын тік ұстауға тырысады, сәтсіздігіне қарағанда сәттілігі көп. Жексенбі туғандардың ойы да, әрекеті де ерекше келеді. Мейірімді, жұмсақ, күш-қуатқа толы олар бірқалыпты жұмысты ұната бермейді. 

Сурет: zastavki.com

Ұқсас жазба:

Аптаның қай күні туылдыңыз?

М. Оңғарова