Апта кеңесі. Күз

Апта кеңесі. Күз

... Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан...

Абай

Бұл дүйсенбі бұрынғы дүйсенбілерден өзгерек... Өйткені 1 қыркүйек те артта қалып, сабаққа қызу кірісіп жатырмыз. Жұмыскерлер де жаз бойы демалмаса да, айналасындағы адамдардың тың күшке толы атмосферасына еніп, күзді ерекше қарқынмен бастап жатқандай. 

Осы толқыннан қалмай, сіз де ілесе жүзіңіз! Жадыраған жаз қол бұлғап артта қалды, сондықтан бұлаң күздің кез келген тосын сыйына әзір болыңыз. Жылы киімдеріңізді шығарып, сәнді аксессуарларыңызды мезгілге сай етіп дайындай беріңіз. Енді нағыз қарбалас басталды. Уақытыңызды бөліп-бөліп қойыңыз. 

Өз өміріміздің қожайыны тек қана өзіміз. 

Апта кеңесін ұсынған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: goodfon.ru

Р. Роза