- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Күзге ере келген...
Күзге ере келген 1 қыркүйек құтты болсын!
Жымыңдап күз келді,
Күліңіз сіз де енді.
Бірінші қыркүйек
Қарсы алшы біздерді!
Кеше ғана жадыраған жазды құшақ жая қарсы алып, мәз-майрам боп едік. Бүгін жаз да қол бұлғап, есіктен қимай-қимай қарап тұр...
Күз бір өзі келген жоқ. Білім күнін ерте келді. Білім күні - жас үшін де, кәрі үшін де мерейлі мереке, зор қуаныш.
Білім күні - жас жүректердің дүрсілі. Бұл күні біреулер мектеп табалдырығын алғаш рет аттап, мектеп атты зәулім ғимаратқа имене көз тастаса, біреулер университет қабырғасына балмұздақ болып қонақтап жатыр. Бұл күні балалармен бірге мұғалімдер де, ата-аналар да бір жасап қалады.
Әдемі болып киінген халық білім күнінің ажарын ашып, сәнін келтіреді.
Мұқағалиша айтсақ, тарыдай болып кіріп, таудай болып шығатын аяулы мектеп қабырғасы алғашқы махаббаттар мен мектеп жылдарының талай қызықтарын өзіне бұғып жатыр. Бұл қабырғадан аңғал бала білімді бозбалаға, кішкентай қыз білікті бойжеткенге айналып шығады. Мектеп партасындағы шимайлар балалық күннің қолтаңбасындай. Балалығымыздан қалған тәтті естеліктер есімізге мектебімізбен бірге оралады.
Барлық Мassaget.kz оқырмандарын күзбен келген Білім күнімен құттықтаймыз! Білім нәрі жандарыңызға шуақ құйып, бойларыңызға нұр себелесін!
Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова
Сурет: myhappyblog.ru, egemen.kz
М. Оңғарова