Апта кеңесі. Есеп беру аптасы

Апта кеңесі. Есеп беру аптасы

Достар, жаздың ең алғашқы айының аяқталуына санаулы күндер қалды. Алдағы аптадан соң, жаздың екінші айы аяқ басады.

Осы аптада маусым айы бойы не істедіңіз? Өз-өзіңізге есеп беріңіз. "Егер есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса, айында бір, өзіңнен-өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?" дейді дана Абай он бесінші қара сөзінде.

Ғұламадан асырып айта алмаймыз. Дегенмен, мына сұрақтарға да жауап іздеп көріңіз: Осы айда өзіңізді дамытуға, күтуге қаншалықты көңіл бөлдіңіз? Биік мақсатыңызға жету жолында қандай қадамдарға бардыңыз? Кімді ренжітіп, кіммен достастыңыз? Қандай жетістікке жетіп, қай жерде мүдірдіңіз? Уақыт сізге қаншалықты қызмет етті? Қанша ақша жұмсадыңыз? Өз-өзіңізге берген есебіңізді қойын кітапшаңызға түртіп алсаңыз, сірә жақсы.

Апта кеңесін ұсынған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: jesuslove.ru

Р. Роза