Абайлаңыз! Сәуірде қай күндер қауіпті екені белгілі болды

Абайлаңыз! Сәуірде қай күндер қауіпті екені белгілі болды
Фото: ru.freepik.com

Магниттік дауылдар және олардың хал-жағдайға әсері жайлы естіген боларсыз. Бұл Күндегі жарқылдардың әсерінен пайда болатын Жердің магнит өрісінің бұзылуы. Бұл тербелістер байланыс жүйесі жұмысына, сондай-ақ барлық тірі ағзаларға, соның ішінде адам денсаулығына да жағымсыз әсер етеді.

Сәуір айындағы магнитті дауылдар әртүрлі қарқында болады: әлсіз, орташа және күшті магниттік дауылдар.

Магниттік дауылдар адамдардың денсаулығына жағымсыз әсер етуі мүмкін. Ол кезде бас ауруы, бас айналуы, буын ауыруы, ұйқы бұзылуы және көңіл күй нашарлауы мүмкін.

Ресей ғылым академиясының ғарыштық зерттеулер институтының күн астрономиясы және гелиофизикалық аспаптар зертханасы мен Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімшесінің күн-жер физикасы институтының мәліметтері бойынша, сәуір айының екінші жартысында магниттік дауылдар жиі болады.

18, 21, 26, 28, 29 сәуір - орташа магниттік дауылдар;

20, 27, 30 сәуір - күшті магниттік дауылдар;

Күшті магниттік дауылдарды ауа райына тәуелді емес адамдардың өзі сезуі мүмкін.

Магниттік дауылдарға қалай дайындалу керек?

Бұл күндері өз хал-жағдайыңызды жақсарту үшін қарапайым ұсыныстарды орындау жеткілікті. Көп су ішу керек және дұрыс тамақтану қажет. Таза ауада көп уақыт өткізіңіз және ұйқы режимін сақтаңыз. Денсаулығыңызға қарай қарама-қарсы душ қабылдауға болады. Егер дәрігер ұсынысымен дәрі ішетін болсаңыз, оны өзіңізбен бірге алып жүруді ұмытпаңыз.

А. Жапатова