Кардиолог инфаркт қаупін айтарлықтай арттыратын әдеттерді атады

Кардиолог инфаркт қаупін айтарлықтай арттыратын әдеттерді атады
Фото: novochag

Жүрек-қан тамырлары аурулары бүгінде өлімнің негізгі себептерінің бірі саналады. 

Денсаулықты күту және үнемі тексерілу болашақта аурулардың алдын алатын пайдалы әдет екенін бәрі біледі. Бірақ денсаулықты ойлап, оған тым алаңдау керісінше, сізге зиян тигізуі мүмкін. Мұндай адамдар "жүрегім ауырмай ма екен?", "өкпеме суық тиіп қалмады ма?" деп уайымдап жүреді.

23 жылдық тәжірибесі бар кардиолог дәрігер Анна Кореневичтің айтуынша, стресстің жоғары деңгейі, психоэмоционалдық күйзеліс және жағымсыз эмоциялар инфаркт, инсульт, жүрек жеткіліксіздігі, жүрек ырғағының бұзылуы, гипертония және жалпы алғанда жүрек ауруларына әкеледі. Бұл қауіптерді қорқыныш  және денсаулықты уайымдап, арттырмау керек.

"Адам үнемі денсаулығына алаңдап, жүрек соғысы мен қан қысымын өлшеп, бірдеңе дұрыс емес деп қорқатын болса, стресс, шиеленіс және негативтілік деңгейі экспоненциалды түрде артады", - деп ескертеді Анна Кореневич телеграм-каналында.

Маман түсіндіргендей, қорқыныш пен алаңдаушылық күшейіп, олармен бірге бүйрек үсті бездері шығаратын адреналин гормонының деңгейі де артады. Адреналиннің тұрақты өндірісі жүрек пен қан тамырларын одан әрі зақымдап, гипертонияға, атеросклерозға және тромбозға әкеледі.

"Қысымның көтерілуінен және инфаркттан үнемі қорқатын болсаңыз, сіз өмір мен денсаулыққа төнетін қауіпті азайтпайсыз, бірнеше есе арттырасыз. Денсаулықты ойлап, уайымдау зиянды тамақ пен жаман әдеттерден гөрі денсаулықты тезірек бұзады", - дейді кардиолог.

Айта кетейік, невролог білінбейтін инсульт белгілерін атаған болатын.

Т. Раушанұлы