Қоқыс шелегі емес. Ғалымдар ас үйдегі ең лас затты анықтады

Қоқыс шелегі емес. Ғалымдар ас үйдегі ең лас затты анықтады
Фото: moypodval.ru

Америкалық ғалымдар дәмдеуіштерге арналған банкаларды ас үйдегі ең лас заттар деп атады. Бұл туралы Еxpress жазды.

Ас үйдегі ең лас затты анықтау үшін ғалымдар зерттеу жүргізген. Оған 370 адам қатысқан. Тәжірибе кезінде қатысушыларға күркетауық пирогтары мен салат дайындау сұралған. Бұған дейін мамандар етке MS2 бактериофагын жұқтырған, бұл адамдар үшін ластануды өлшеудің қауіпсіз көрсеткіші.

Зерттеуге қатысушылар тамақ әзірлеуді аяқтаған кезде, ғалымдар барлық заттардан сынама алған. Дәмдеуіштерге арналған банкаларда микробтар көп екені анықталды. Кесетін тақталар мен қоқыс жәшіктерінің қақпақтары да ас үйдегі ең ластанған заттардың бірі болды.

Айта кетейік, бұған дейін қытай ғалымдары бірқатар эксперименттер нәтижесінде екі немесе одан да көп қайнаған судың зияны туралы кең таралған ақпараттың дұрыс емес екенін дәлелдеген болатын.

Т. Раушанұлы