Бұл зең емес: аяқ тырнағында кездесетін 8 ауру

Бұл зең емес: аяқ тырнағында кездесетін 8 ауру
Фото: gb12-barnaul.ru

Біз кез келген тырнақ ауруын зең инфекциясы немесе дәрумен тапшылығы деп айтуға дағдыланғанбыз. Бірақ зеңнен бөлек те тырнақ аурулары бар.

Сау тырнақтар қызғылт түсті және тегіс болады. Тырнақтардың пішіні жалпы алғанда сопақ немесе жұмсақ шаршы пішінді, ет түбіндегі тырнақтың ақ жолағы болады. Аяқта тырнақтың өсуі қолдарға қарағанда баяу жүреді, олар әдетте қалыңырақ, тығызырақ, өйткені тырнақ аяқкиім кигенде, жаяу жүргенде айтарлықтай ауыр әсерге ұшырайды.

Аяқтағы тырнақтың көптеген ауруы бар: – белгілі зеңнен басқа, тырнақтардың стратификациясы, жарақаттар, түсі мен құрылымының өзгеруі т.б. Дерматолог және косметолог Оксана Ситникова тырнаққа қатысты ауру түрлерін атады.

Ауырсыну, ірің және артық ет

Бұл үш белгі онихокриптоз деп аталатын тырнақтың жалпы және күрделі ауруына тән. Дәрігерлер бұл күрделі терминді тырнақ платинасының шетінің тырнақ қатпарының бүйір жиегінің аймағына енуі деп атайды. Ең көп таралған себеп – тырнақты дұрыс алмау, оларды доға түрінде алғанда екі шетінде тырнақ қалып кетіп, етті жарақаттайды. Тағы бір себеп тырнақта жарақаттардың болуы. Ауруға басқа да – аяқтың ісінуі, қан айналымының бұзылуы, тұқым қуалаушылық себеп болады.

Ақ дақтар және тырнақтың пиллингі

Көбінесе проблемалар зең сияқты пайда болады, дегенмен оның себебі әрдайым зең бола бермейді. Онихолиз - тырнақтың дистрофиялық зақымдануы.

Себебі бармақ жарақаттануының, аллергиялық реакциялардың, агрессивті химиялық заттардың әсерінің, қауіпті аурулардың, тырнақ немесе оның айналасындағы тері инфекциялары салдарынан пайда болады. Кейбір жағдайларда тырнақтардың ажырауы эндокриндік бұзылулар немесе ауыр стресс нәтижесі.

Тырнақтың мүйізденіп кетуі

Мұндай патология сирек болса да кездеседі. Онихогрифоз  - бұл тырнақтардың дистрофиялық патологиясы. Жұқа, тегіс және жалпақ тырнақтардың орнына олар құстардың немесе басқа жануарлардың тырнақтарының көрінісінде өседі.

Бұл аяқкиім киген кезде қолайсыздықты тудырады, жарақаттар мен зең инфекцияларына бейім болады.

Тырнақ астындағы қара дақтар

Жарақаттан кейін тырнақ астындағы тамырлар мен жұмсақ тіндер зақымданады, салдарынан гематома пайда болады. Жалпы айтқанда, тырнақ қараяды. Көбінесе, гематома пайда болған аймақта тырнақ қабыршақтанады, түсіп қалады.

Бірақ тырнақ астындағы қан жиналуын оның түсінің өзгеруінен ажырату маңызды. Өйткені басқа аурулар кезінде де тырнақ қараяды. Бұл қант диабеті, аяқ тамырларындағы қан айналымының бұзылуы, агрессивті химиялық заттармен байланыс, бактериялық инфекциялар болуы мүмкін.

Тырнақ псориазы

Иммундық жүйенің өз тіндеріне қарсы агрессиясына байланысты бұл жүйелі аурудың көріністері тек теріге ғана емес, тырнаққа да әсер етеді.

Ақ-қоңыр тырнақтар

Жартылай ақ, жартысы қоңыр түсті тырнақтар бүйрек ауруларының белгісі. Көбінесе мұндай өзгерістер созылмалы ағза жеткіліксіздігінің  жоғарғы сатысында орын алады. Бұл метаболизмнің өзгеруіне, теріде ғана емес, сонымен қатар тырнақта жиналатын мелатонин пигментінің синтезін ынталандыруға байланысты.

Жолақты тырнақтар

Тырнақтардағы қаныққан қызғылт және бозғылт жолақтардың кезектесуі, Мюрке сызықтары деп аталатын тағамдағы ақуыз компоненттерінің жетіспеушілігін көрсетуі мүмкін. Бұл тұрақты диета, бауыр проблемалары немесе ұзақ ораза ұстау арқылы пайда болады.

Койлонихия - қасық тәрізді тырнақтар

Бұл проблемалар әсіресе бас бармақтарда көрінеді. Олар темір тапшылығы анемиясында, жүйелі қызыл жегі немесе Рейно ауруы кезінде пайда болады.

Т. Раушанұлы