"Ғашықтардың сезімдері сыналады". Жұлдыз жорамал: 13.02.2023 - 19.02.2023

"Ғашықтардың сезімдері сыналады". Жұлдыз жорамал: 13.02.2023 - 19.02.2023
Фото: ru.freepik.com

Торпақтарда қаржылық тұрғыда аздап қиындықтар туындайды, Шаяндардың сезімдері сыналады, ал Арыстандарға жұлдыздар тәуекел етуге кеңес береді. 13-19 ақпанға барлық жұлдыз белгісіне арналған жұлдыз жорамалды ұсынамыз.

Тоқты
20 наурыз - 19 сәуір

Өткен жылдың соңында басталған аздап тоқырауға қарамастан, қазір кәсіби қызметіңізде бір нәрсені өзгерту үшін және мансап сатысымен жоғары көтерілу үшін ең жақсы уақыт. Қазір бизнесте кеңеюге, инвесторлар іздеуге қолайлы уақыт. Сіздің бастамаңызды ықпалды адамдар қолдайды және олар құжаттармен байланысты барлық қиындықтарды шешуге көмектеседі. Әріптестеріңізге мұқият болыңыз, өйткені командада түсініспеушіліктер туындауы мүмкін.

Торпақ
20 сәуір - 20 мамыр

Тек өзіңізге ұнайтын нәрсені жасаңыз - бұл сізді сөзсіз табысқа әкеледі. Қаржылық тұрғыда бұл айда белгілі бір дәрежеде қиындықтар болуы мүмкін. Ақша міндетті түрде келеді, бірақ шығындар да болады. Сіздің қарым-қатынасыңыздағы энергия үйлесімді болады және бірге болашақтың жаңа перспективаларын көре аласыз. Ал ұзақ уақыт бірге болған жұптар қатынастан аздап суықтық сезуі мүмкін. Сондықтан серігіңізбен көбірек бірге уақыт өткізуге және қызықты сапарларға шығуға тырысыңыз.

Егіздер
21 мамыр - 20 маусым

Неге басқалар сізбен әлсін-әлсін сөзге келеді және бұл жерде сіздің кінәңіз бар ма? Осыны анықтауға тырысыңыз. Кей бәсекелестер бизнесіңіздің өсуіне кедергі келтіруі мүмкін. Табыс деңгейі сіздің жеке белсенділігіңіз бен табандылығыңызға байланысты.

Шаян
21 маусым - 22 шілде

Жақын туыстарыңызға қатысты күрделі сұрақтар шешімін табады. Ғашықтарға бұл аптада оңай болмайды: сезімдер сыналады. Өзіңіз үшін аздап демалыс ұйымдастыру артық болмайды.

Арыстан
23 шілде - 22 тамыз

Көп нәрсені жеңіп шыққан секілді көрінгенімен, бұрынғы мәселелерге оралып, күрделі сұрақтарды шешуге тура( келеді. Сонымен қатар, мемлекеттік органдар күтпеген жерден тексеруге келуі мүмкін, бұл біраз жоспарларды бәсеңдетеді. Тәуекел етуден қорықпаңыз - жұлдыздар сіздің жағыңызда. Жеке саудамен, экспортпен немесе жүк тасымалымен айналысатындар адамдардың осы аптада жолы болмақ.

Бикеш
23 тамыз - 22 қыркүйек

Ақша түсімдерінің көлемі артады, бұл сіздің қаңтар айында күш салған еңбегіңіздің жемісі. Үлкен шығындар да болуы мүмкін, бірақ нәтижесінде қаржылық тепе-теңдік оң болады. Жас мамандар өз жұмысына жоғары баға алады және қосымша оқуға баруы мүмкін.

Таразы
23 қыркүйек - 22 қазан

Бәсекелестер қиындық тудыруы мүмкін. Ресурстарыңызды үнемдеп, арандатушылыққа берілмеңіз. Денсаулығыңызды нығайтуға уақыт келді. Махаббатта қиындықтар пайда болуы мүмкін. Қарым-қатынаста ашық әңгіме қажет, объективті болуға және серіктесіңіздің сезімін түсінуге тырысыңыз.

Сарышаян
23 қазан - 21 қараша

Жиналып қалған өзара наразылықтар мен реніштер серігіңізбен қарым-қатынасыңызға қауіп төндіруі мүмкін, сондықтан болашақ перспективалар жайлы мұқият ойланыңыз. Ақша тұрақты келіп тұрады, тіпті, бонустар да болады.

Мерген
22 қараша - 21 желтоқсан

Жұмысыңызда қиын, алайда перспективалық кезең басталады. Кадрлық және еңбек шартындағы көптеген өзгерістер, басшылық көңіл-күйінің құбылмалдылығы – осының бәрі сізге әсер етпей қоймайды. Бірақ өзгерістерден пайда табуға және әр нәрсенің артықшылығын көруге тырысыңыз. Жұмыстан кетудің орнына ұйымды дамыту жоспарын және мәселелердің шешімдерін ұсыныңыз. Сіздің бастамаңыз міндетті түрде ескеріледі.

Тауешкі
22 желтоқсан - 20 қаңтар

Осы аптада жұмыс жеке өмірге қарағанда маңыздырақ болуы мүмкін. Тәжірибелі адамдардың кеңесін тыңдаңыз. Құжаттарға қол қоярда мұқият болыңыз - құқықтық сауатсыздық кері әсерін тигізуі мүмкін. Ұзақ уақыт бойы жұмыс іздеп жүргендер келешегі зор орын таба алады, бірақ жалақысы аз қызметке келіспеңіз.

Суқұйғыш
21 қаңтар - 18 ақпан

Сіз көп еңбек еттіңіз және демалысқа шығуға, қымбат сыйлықтар алуға лайықсыз. Бұл табыс табу үшін және қарыздарды өтеу үшін қолайлы күндер. Қарым-қатынасты қиындататын жағымсыз құпиялар пайда болуы мүмкін. Бұл ерлі-зайыптыларға да, ғашықтарға да қатысты.

Балықтар
19 ақпан - 19 наурыз

Иммунитеттің төмендеуіне байланысты денсаулығыңыз аздап әлсірейді. Сондықтан қоғамдық орындарға жиі бармауға тырысыңыз. Күнделікті өмірде өзгерістер болуы мүмкін, мысалы, жұмыс режимі өзгереді. Жұмыстан шаршайсыз, бұл жеке өмірде сезімнің әлсіреуіне әсер етеді. Бірақ уайымдамаңыз, бұл уақытша нәрсе.

А. Жапатова