Кардиолог жаттығу кезінде қалыпты жүрек соғысы қанша болу керегін айтты

Салауатты өмір салтын физикалық белсенділіксіз елестету мүмкін емес. Қозғалыссыз біздің денеміздегі барлық жүйелер зардап шегеді, соның ішінде жүрек-тамыр жүйесі. Дегенмен, спорттың көптігі де ағзаға зиян. Жүрекке салмақ түспеуі үшін қанша уақыт жаттығу керек? Медицина ғылымдарының кандидаты, кардиолог  Денис Синкевич осы сияқты маңызды сұрақтарға жауап берді.

Маманның айтуынша, жүрек сау болуы үшін ересек адам аптасына кем дегенде 150-300 минут қалыпты физикалық белсенділікпен айналысуы керек.

Нені қалыпты жаттығу деп санауға болады? Бұл қарапайым жаяу серуендеу болуы мүмкін. Орташа немесе жылдам қарқынмен жүру керек. Велосипедпен серуендеу де тамаша. Басқа қалыпты жаттығуға гольф, теннис, би кіреді. Егер спортпен айналысуға уақыт жеткіліксіз болса, онда қарапайым үй жұмыстары да қалыпты жаттығуға жатады.

Ал белсенді спорт деп  жылдам жүру немесе жүгіру, жылдам велосипед тебу, жүзуді айтуға болады.

Бұл ретте кардиолог "Мәскеу 24" басылымына берген сұхбатында кез келген жаттығу кезінде жүрек соғу жиілігін бақылау керек екенін атап өтті. Қандай импульс қалыпты екенін білу үшін 220-дан өз жасыңызды алып тастайсыз.  Яғни, егер сіз 30 жаста болсаңыз, онда сіздің шектеуіңіз минутынсіздің максимум жүрек соғысыңыз минутына 190 соққыдан аспауы керек. Орташа қарқынды жаттығу кезінде жүрек соғу жиілігі сіздің жасыңыз үшін максималды деңгейден шамамен 64-76 пайыздан  аспауы керек. Белсенді спорт түрімен айналысқанда жүрек соғу жиілігі 77-95 пайызға дейін артуы мүмкін.

Дегенмен, мұның бәрі ешқандай қарсы көрсетілімсіз қарапайым сау адамдарға қатысты. Егер сізде жүрек-тамыр жүйесі аурулары диагнозы қойылса, дәрігерлер 50-75%  жаттығу импульсі бар жүктемелерге кеңес береді.

Дәрігердің айтуынша, аптасына бір жаттығу жүректің ишемиялық ауруы бар науқастарда мезгілсіз өлім ықтималдығын азайтады.

Сонымен қатар, әдеттегі жаттығулар бұлшықет массасын қалыптастыратын және холестерин мен қан қысымын бақылауға көмектесетін белсенді жаттығуларымен толықтырылуы керек.