Диетолог қарттарға пайдалы тағамдарды атады

Диетолог қарттарға пайдалы тағамдарды атады
Фото: Unsplash

Мюсли мен алма қосылған қышқыл сүтті сусын және жарма наны мен көкөніс салаты қарт адамдар үшін ең жақсы тағамдар. Бұл туралы "Москва 24" арнасында диетолог Михаил Гинзбург айтты.

"Егде жастағы адамдарға арналған ең пайдалы тағамдар – құрамында қышқыл сүтті сусындар мен мюсли жармалар. Сондай-ақ, егде жаста алма жеу пайдалы. Көкөністер, жарма наны, кебек қосылған нан да ағзаға жақсы сіңеді", - дейді дәрігер.

Мұндай тағамда ағзаға қажеттінің бәрі: диеталық талшықтар, пробиотиктер, дәрумендер және адамды ұзақ уақыт бойы энергиямен қамтамасыз ететін күрделі көмірсулар бар.

Қартайғанда осылай тамақтану денені жасына байланысты болатын аурулардан атап айтқанда: атеросклероз, артериялық гипертензия, қант диабеті, сондай-ақ тоқ ішек және тік ішек ісігінен қорғайды.

Сонымен бірге дәрігерлер егде жастағы адамдарға сүзбе жеуге кеңес береді. Бұл бірқатар пайдалы қасиеттерге ие оңай сіңетін өнім. Атап айтқанда, ол остеопороздың алдын алуға, бұлшықет массасын сақтауға және тіс эмалін нығайтуға көмектеседі. Аптасына екі рет сүзбе немесе одан жасалған тағамдарды қолданған жөн.

Т. Раушанұлы