Торпақтарды қызықты кездесулер, Балықтарды жаңа жұмыс күтіп тұр: Жұлдыз жорамал: 09.01.2023 - 15.01.2023

Торпақтарды қызықты кездесулер, Балықтарды жаңа жұмыс күтіп тұр: Жұлдыз жорамал: 09.01.2023 - 15.01.2023
Фото: ru.freepik.com

Марс жылдамдығын азайтып, стационарлық кезеңге өтеді: өмір баяулайды. Бірақ келесі аптадан бастап, жоғары белсенділік кезеңі басталады. Сондықтан осы аптада артқа қарап, өткен жылдың қорытындысын жасап, жетістіктерді бағалаған жөн. Қателіктерге анализ жасап, жоспарланған нәрселердің не үшін орындалмағанын түсіну маңызды.

Апта бойына романтикалық атмосфера орын алады, бұл серігіңізбен бірге сапалы уақыт өткізуге өз ықпалын тигізеді. Сондықтан бұл аптаның мүмкіндіктерін пайдаланып, сүйіктіңізге және отбасы мүшелеріне уақыт бөлген дұрыс. Қаңтардың екінші жартысында оған уақыт болмайды.

Бұл апта серігіңізбен болашаққа жоспарларыңызды талқылауға қолайлы. Өзіңізге сұрақ қойып, оған шын жауап беріңіз: "2022 жылы менде қандай өзгеріс болды? Өзім жайлы қандай жаңа нәрсе білдім? Менің мақсаттарым өзгерді ме?"

Тоқты
20 наурыз - 19 сәуір

Сіз кез келген жағдайды дұрыс және объективті бағалай аласыз. Бұл ретке келтіруге, негізді қатайтуға, жобаңыздағы әлсіз тұстарды іздеуге және жоюға қолайлы уақыт. Епті, рационалды болыңыз және кей жүйелерге сәйкес әрекет етуге тырысыңыз. Егер бірдеңе шықпай қалса, туындаған кедергіні бағалаңыз. Мүмкін, өзіңізді немесе қандай да бір іске деген сіздің көзқарасыңызды өзгерту керек.

Торпақ
20 сәуір - 20 мамыр

Бұл апта шығармашылық үшін және өнермен, сұлулықпен байланысты кез келген қызмет үшін қойлайлы. Сондай-ақ, ол сапарлар мен қызықты кездесулер үшін сәтті уақыт. Ескі таныстарыңызбен де кездесуіңіз мүмкін. Жаңа жоспарлар мен идеялар туындауы мүмкін. Оларды 2023 жылдың қаңтарында-ақ жүзеге асырып, алғашқы жемісін көруіңіз мүмкін.

Егіздер
21 мамыр - 20 маусым

Апта бойына көптеген маңызды жағдайлар орын алады. Олардың салдары 2023 жылдың көктемінде білінуі мүмкін. Ұсақ-түйектерге, кемшіліктерге, тұспалдарға аса мән беріңіз және олардың не білдіруі мүмкін екенін асықпай ойланыңыз. Сезімдерге берілмеңіз және эмоцияларыңызды бақылауда ұстауға тырысыңыз.  Серігіңізге қамқор болыңыз, шыдамдылық пен төзімділік көрсетіңіз. Достық және серіктестік қатынастарды сақтауға уақыт бөліңіз. Туыстарыңыздың және жақын достарыңыздың (әсіресе, әйелдердің) кеңестеріне құлақ түріңіз.

Шаян
21 маусым - 22 шілде

Сіз дамылсыз энергияға толысыз, күтпеген мүмкіндіктер туындайды. Сіз өміріңізде бірдеңе басталып жатқанын анық сезесіз және соны уайымдайсыз. Қазір бірдеңені бастап кетіп, бірден нәтиже көргіңіз келеді. Бірақ тез көңіліңіз қалмас үшін қазір жетістікке жететін уақыт емес екенін білу маңызды. Бұл айда ойыңызға келген идея ұзақмерзімді емес, бірақ ол алға жылжуға бір қадам болатыны анық.

Арыстан
23 шілде - 22 тамыз

Өміріңізге сіз күтпеген жаңа нәрсе кіреді. Сонымен қатар былтыр бастаған істеріңіздің кейбіреулері өзін ақтамағанын да түсінесіз. Кей нәрселермен қоштасып, көңіл күйіңіз түседі. Өткен айларда жинаған тәжірибеңіз бағалы, ол ары қарай белсенді және табысты жылжуға мүмкіндік береді. Қолыңызға жетекші рөлін алуға қорықпаңыз және жарыстарға қатысыңыз.

Бикеш
23 тамыз - 22 қыркүйек

2022 жылдың соңында өміріңізде пайда болған жаңа істің алғашқы нәтижелерін осы айда көруіңіз әбден мүмкін. Нәтиже әзірге материалдық тұрғыда емес, бірінші кезекте жағдайды басқару немесе басқа адамдарға әсер ету қабілетіңізбен көрінуі мүмкін. Өткен айларда жаңа ісіңізге жалпылама тұрғыда қарап келдіңіз, ал енді оны жете зерттеу керексіз.

Таразы
23 қыркүйек - 22 қазан

Жұмысыңызда, сіз үшін маңызды жобада табысқа жетуге кедергі келтіретін әлсіз тұстар табылуы мүмкін. Жалғыз қалуға, ойлануға, болып жатқан нәрселердің себебін анықтауға уақыт аямаңыз. Біраз істі аяқтауға тырысыңыз. Кей ойларыңыз табысты болмауы мүмкін, ендеше олардан бас тартыңыз. Себебі сіздің өміріңізде жаңа фаза басталмақ.

Сарышаян
23 қазан - 21 қараша

Мазасыз күйде болуыңыз мүмкін, мақсатыңызды және өмірдің мәнін жоғалтқан секілді болуыңыз мүмкін. Қарыздарды қайтарыңыз, сізден кеткісі келген адамды жіберіңіз және болашағы жоқ байланыстардан арылыңыз. Уайымдамаңыз, біраз уақыттан кейін жаңа мақсаттар пайда болады. Бұл аптада маңызды шешімдер қабылдамаған жөн.

Мерген
22 қараша - 21 желтоқсан

Желтоқсанның аяғында және қаңтардың басында ойыңызға келген идеялар ұзақмерзімді болмауы мүмкін. Белсенді әрекет етуге энергияңыз жеткілікті, десе де қазір жаңа бастамалардың уақыты емес. Қазір жоспарларыңызды қайта қарау маңызды. Апта соңында өзіңізді еркін және оптимизмге толы сезінесіз. Қызық тәжірибе, жаңа әсерлер аласыз және сізге пайдасы тиетін адамдарды жолықтырасыз.

Тауешкі
22 желтоқсан - 20 қаңтар

Өміріңіз баяулап, оның қандай да бір кезеңі аяқталып жатқанын анық сезесіз. Алайда уайымға салынбаңыз. Демалыңыз, күш жинаңыз: алда сізді көп қызықты нәрселер күтіп тұр. Жаңа зат сатып алуға асықпаңыз, ресурстарыңызды сақтаңыз. Шаруаларыңызды реттеп, қарыздарыңызды қайтаруға бар күшіңізді салыңыз. Осы апта бойына бәрін орын-орнына қойып тастау маңызды.

Суқұйғыш
21 қаңтар - 18 ақпан

Идеяға және оптимизмге толысыз. Сөзден іске, теориядан тәжірибеге көшуге жақсы апта. Жақында романтикалық кездесу болуы мүмкін.

Балықтар
19 ақпан - 19 наурыз

Жақындарыңызға қамқор болыңыз. Оларға қолыңыздың ашық екенін көрсетіңіз. Өмірде бірдеңе өзгерте алатыныңызды сезесіз. Алда сізді жаңа өмірлік кезең күтіп тұр: ол келесі аптада басталады. Сіз үшін қымбат жандардан жылуыңызды аямаңыз. Олардың сізді қай уақытта болмасын қолдайтынына күмәніңіз болмасын. Сондай-ақ бұл аптада қаржылық жағдайыңызды жақсартуға мүмкіндіктер ашылады. Бұл жаңа немесе қосымша жұмыс іздеуге жақсы уақыт.

А. Жапатова