Дәрігер бассейн мен аквапарктегі қауіпті инфекциялар туралы ескертті

Дәрігер бассейн мен аквапарктегі қауіпті инфекциялар туралы ескертті
Фото: gorzdrav.org

Клиникалық зертханалық диагностика дәрігері Анна Сафонова бассейндерде қандай бактериялар мен инфекциялар болатынын, олардан қалай қорғану керек екенін айтып берді.

Вирустар үшін тамаша орын

"Бассейндер, аквапарктер және жабық су қоймалары вирустар мен бактериялардың жиналуы үшін тамаша орта. Аквапарктер мен бассейндердің суынан алынған бақылау үлгілері химиялық қосылыстар мен стандартты ішек флорасын анықтауға бағытталған. Суда вирустық және респираторлық бактериялық инфекцияларды анықтауға, сондай-ақ осы қоздырғыштардың болуына бақылау жүргізілмейді", - деп ескертеді зертханалық диагностика дәрігері Анна Сафонова.

Бассейндер мен аквапарктерге анықтама беру де қызық.Бассейнге анықтаманы тіркелген емханадан немесе ақылы түрде алуға болады. Аквапарктермен жағдай одан да қызықты. Олардан денсаулық туралы анықтамалар мүлдем талап етілмейді. Қысқаша айтқанда, барлығы дәрігердің бақылауынсыз суға түсуге барады.

Бассейндер мен аквапарктердің суы арқылы жұғуы мүмкін жұқпалы аурулар

Су факторымен байланыс:

+++ – жоғары;

++  – орташа;

+ – мүмкін

Қотыр және энтеровирус

"Бірінші кезекте аденовирусты жұтқыншақ-конъюнктивалық қызбаны, эпидермофитозды, А вирусты гепатитін, энтеровирусты, дизентерияны, құлақтың қабынуын, гайморит, тонзиллит, конъюнктивит ауруларын бассейнде жұқтыру оңай. Бассейнге анықтама алған кез келген адамнан бірде-бір емхана бұл инфекцияларды тексермейді", - дейді Анна Сафонова.

Бассейндердегі, аквапарктердегі және жабық су қоймаларындағы инфекциялардың негізгі тасымалдаушылары балалар. Ересектер бассейнге жұмыс алдында немесе жұмыстан кейін келеді, ал күндізгі уақытта балалар келеді.

Вирус суда қанша уақыт өмір сүре алады

Дәрігер аденовирустың ең жоғары деңгейі күздің басында болатынын, суда өте ұзақ уақыт сақталуы мүмкін екенін атап өтеді. Әртүрлі ішек бактериялық инфекцияларының қаупі де жоғары.

"Мысалы, аденовирус киімде 10 күннен 45 күнге дейін өмір сүреді. 56 С температурада хлор мен ультракүлгін әсерінен вирус 30 минут ішінде өледі. Алкоголь аденовирусты өлтірмейді", - дейді Анна Сафонова.

А гепатиті де қоршаған ортаға ең төзімді.

"Ол суда өте ұзақ уақыт өміршеңдігін сақтайды. Бөлме температурасында ол бірнеше апта өмір сүреді, 4-12 сағат бойы 60С дейін қызуға шыдайды. Коксаки вирусы 30-35С температурада 3 сағат сақталады. Таяз суларда температураға байланысты 2 айға дейін өлмеуі мүмкін", - дейді дәрігер.

Сондай-ақ, бассейн мен аквапарктерде тұмау вирустарын жұқтыруға болады.

"Бассейн мен аквапарктердегі судың температурасы орташа есеппен 28-30 градус аралығында сақталады, ал жеткілікті жоғары температура мен ылғалдылық бактериялар мен вирустардың жақсы өмір сүруіне мүмкіндік береді. Олар – тұтқаларда, плиткаларда, едендерде және т.б ұзақ сақталады және ауыздың, мұрынның және көздің шырышты қабаттары арқылы жұғады", - дейді ол.

Бассейнде өзіңізді қалай қорғауға болады?

Бассейнге келіп, балалар тобымен үнемі кездесу арқылы сіз өзіңізді инфекциядан ешқандай жолмен қорғай алмайтыныңызды түсінуіңіз керек, деп ескертеді дәрігер. Сондықтан бактерия мен инфекция өршіп тұрған уақытта жабық су нысандарына бармауға тырысыңыз.

"Жүзу кезінде қоғамдық бассейндер мен аквапарктерде суды жұтпаңыз. Біріншіден, адамдар көбінесе бассейнге кірер алдында душ қабылдамайды, нәтижесінде ол тер, сілекей, эпителий және адам ағзасының басқа да өте жағымдыз органикалық заттарына толы болады", - деп кеңес береді Анна Сафонова.

Егер сіз су жұтсаңыз, жұқтыру мүмкіндігін азайту үшін аузыңызды таза ауыз сумен шайыңыз және белсендірілген көмір немесе басқа адсорбент алыңыз. Жуынар алдында және одан кейін міндетті түрде жуғыш шүберекпен және бактерияға қарсы гельмен жуыңыз. ЖРВИ-мен ауырғаннан кейін, сондай-ақ етеккір кезінде, денеде жаралар болған кезде бассейндер мен аквапарктерге барудан бас тартыңыз. Бұл кезде жұқтыру қаупі әлдеқайда жоғары болады, - деп ескертеді дәрігер.

Қоғамдық жерде суға түскеннен кейін қышыну, теріде және шырышты қабаттарда бөртпелер, жыныс мүшелерінен бөліну, дене қызуының көтерілуі және диспепсиялық бұзылулар басталса дереу дәрігерге хабарласыңыз.

Т. Раушанұлы