- Негізгі бет
- Жаднама
- 72 сағат ережесімен...
72 сағат ережесімен таныс болыңыздар
Әр адамның алға қойған арманы, мақсаты болады. Ол үлкен немесе кішкентай болуы мүмкін. Қандай арман болса да, оның орындалуы үшін 20 минуттық ережеге сай талмай еңбектенуіміз қажет. Алайда арманыңызға шынымен жеткіңіз келсе, төмендегі тағы бір маңызды ережемен таныс болыңыз.
Неміс жазушысы және бизнес-тренері Боро Шефер бұл қағиданы "72 сағат" деп атаған. Оның мақсаты: егер сізде қандай да бір жоспар немесе арман пайда болса, оны 72 сағат ішінде бастап кетуіңіз керек. Бұл әшейін болмашы нәтижелер секілді көрінгенмен, сіздің түйсігіңізде міндетті түрде орындалады деген сенім қалыптасады.
72 сағат ережесіне мистицизм жолын ұстанушылар мен психологтар да өз пікірлерін білдірді.
Егер арманыңызға жету жолында ешқандай еңбек етпесеңіз, онда бүкіл әлем сізден бас тартып, көмектесуге ешкім келмейді. 72 сағат дегеніміз 3 тәулік қана. Сондықтан сіздің арманыңыз әлі өз күшінде тұрғанда іс-әрекетпен бастап кетуіңіз керек.
Егер белгілі бір арманға бел байласаңыз, ешқашан кейінге қалдырмаңыз. 72 сағат ішінде кішкентайдан болса да бастаңыз. Өйткені ол ертең сізді үлкен жетістікке жетелейді. Ең бастысы алған бетіңізден қайтпай, көп еңбек етіңіз.
Сурет: www.literallydarling.com, clockmagaz.atspace.eu
Оқи отырыңыз:
Қажетті ақпаратты есте сақтаудың әдістері
АҚШ-та қорқынышты психологиялық сынақ өтті
Уақытыңызды тиімді пайдаланыңыз
Ж. Исакаев