Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Жаднама / Уақытыңызды тиімді пайдаланыңыз

Уақытыңызды тиімді пайдаланыңыз

Уақытыңызды тиімді пайдаланыңыз

Адам өмірінде өлшеусіз қымбат байлық бар болса, ол - уақыт. Уақыт тас екеш тасты да тоздырады. Уақыт алтыннан да қымбат.

Уақыт барлығына емші дейтін нақыл сөздер бекер айтылмаса керек. Және де уақыт – ең жақсы оқытушы, өкінішке орай ол оқушыларын өлтіреді. Бұл сөздің астарына мән беріп қарайтын болсақ, бұл әр адамның өз уақыты бар деген сөз, яғни уақыты жеткенде бұл дүниемен қош айтысады дегенді білдіреді. Өмір мұхит, уақыт толқын деген Абай атамыздан қалған сөз бар. Уақыт бәрін өзгертеді: махаббатты, сезімді, ойды, арманды, бақытты, заманды, көңіл-күйді, дертті, адамды. Уақытты тиімді пайдаланып жүрсіз бе деген сауалға бірі жоқ, бірі білмеймін, ал бірі "иә, тиімді пайдаланып" жүрмін деп жауап береді. Қазір жастар өз уақыттарын тиімсіз пайдалануда. Әр түрлі әлеуметтік желілерде немесе әртүрлі көңіл көтеретін орындарда алтыннан қымбат уақыттарын бос өткізуде. Дамылсыз өтіп жатқан уақытымызды үнемдегеніміз өзімізге пайдалы. Уақытты тиімді пайдалану дегеніміз не? Уақытты тиімді пайдалану – көп іс атқару емес. Ол өз уақытыңда тиімді және дұрыс пайдалану. Бірақ "дұрыс" деген сөзді әр тұлға әрқалай түсінеді. Адам баласына шамадан тыс жұмыс істеуден басқа демалыс пен серуенге шығып тұру керек. Қарап отырсаңыз, уақыт үнемдеудің бірнеше тәсілдері бар. Негізгі бес тәсілді атап өтсек:

1. Өз жұмыс үстеліңізді шашпаңыз. Қалай болса солай жатқан заттар назарды дұрыс нәрселерге аударуға кедергі жасайды.

2. Жұмысты бітіретін мерзімді өз күшіңіз бен мүмкіндігіңізге қарап белгілеңіз.

3. Өз басыңызға да арнап уақыт бөліңіз. Оған сіздің хақыңыз бар.

4. Адамдарға мейірімді, уақытқа келгенде сараң болыңыз.

5. Бір жұмысты бітіріп, содан кейін ғана келесісіне көшіңіз.

Өмірге күнде келіп жатқан жоқсыз, ойыңыздағы арманыңыз бен мақсатыңызға жету үшін уақытты тиімді пайдалануды дағды етіңіз.

Сурет: pozdnyakova.org

Дайындаған: Жасұлан Исакаев
Қосылған күні: 25 қараша 2014, 10:45

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.