Бүгін – Халықаралық торт күні!

Бүгін – Халықаралық торт күні!
Фото: pixabay.com

Бұл тәтті мереке әлемге және адамдар, халықтар, тіпті тұтас елдер арасындағы достыққа арналған. Барлық мереке, туған күн, мерейтой, үйлену той және басқа да қуанышты күндерді дәмді, көп қабатты, кремді, бисквитті, үлкен және позитивті торттарсыз елестету қиын.

Бұл мереке «I cake you» ұранымен, яғни «мен саған тортпен келемін» деп өтеді. Шынымен де, торт – адамдар қатынасының достық белгісі.  Алғаш рет торт күні халықаралық дәрежеде 2011 жылы өтті. Бұл тәтті әрі демократияшыл мерекенің бастамашысы Махаббат Корольдігінің «Милан клубы» – музыкант, аспаздар және басқа да әуесқой шығармашыл адамдардың халықаралық бейкоммерциялық қоғамы болды.

Мерекенің мақсаты – Жер бойынша бейбітшілік пен достық идеясын мәдениет арқылы тарату. Бұл қызықты бастаманы көптеген ТМД елдері, Израиль және АҚШ қолдады. Сол күні әлемдегі бірінші ортақ көп ұлтты торт пісірілді.

Халықаралық торт күні әр жылы түрлі тақырыптарға мысалы, ғарыштық, махаббат, ертегі тақырыптарына арналады. Ал 2018 жылғы Халықаралық торт күні «Біздің кино» деп аталады.

Мерекенің ең қызықты шараларына – берілген тақырыпқа ерекше және таңғажайып торттар көрмесі, жәрмеңкелер, аукциондар, кондитерлер сайысы, музыкалық-кондитерлік көрсетілімдер, флешмобтар, торт жасау мен безендіруге арналған мастер-кластар және жай достарыңмен шай ішу жатады.

Торттар туралы қызықты деректер:

- Торт итальян тілінен аударғанда «дөңгелек нан» дегенді білдіреді;

- 100 қабаттан тұратын және биіктігі 30 метр болатын ең биік торт АҚШ-та, Мичиган штатында дайындалған;

- Салмағы 50 тоннадан асатын ең ауыр торт та АҚШ-та, Алабама шататында пісірілген;

- Ұзындығы 246 метр болатын ең ұзын торт 15 000 бөлікке бөлініп, Перудегі кішкентай туған күн иелеріне таратылған.

А. Жапатова